Ереже

Облыс әкімдігінің 2012 жылғы
29 желтоқсандағы № 494 қаулысына
1-қосымша
Облыс әкімдігінің 2008 жылғы 22 сәуірдегі
№ 149 қаулысымен
«БЕКІТІЛГЕН»
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі облыс ауыл шаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдық-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер
әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
13. Ақтөбе облысының әкімдігі «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
14.«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
15.«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі: жұмыс уақыты бес күндік екі демалыс күнімен.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері
16. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттің аграрлық саясатын іске асыру негізінде облыстың агроөнеркәсіп кешені салаларының бәсекелестікке кабілетін жаңа сапалы денгейге жетуін және экономикалық өсуін қамтамасыз ету.
17. Міндеттері:
1) өсімдік шаруашылығы өнімдерін тұрақты арттыру есебінен облыстың азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыру;
3) бәсекелестікке қабілетті өнім өндірісі және экспорттық әлеуетін арттыру;
4) кешендi тұрақты экономикалық және әлеуметтiк дамытуды қамтамасыз ету.
18. Функциялары:
1) агроөнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік аграрлық саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
2) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласында облыстық бағдарламаларды әзірлейді, іске асырады, оларға мониторинг және талдау жүргізеді;
3) агроөнеркәсіп кешенін саласына инновациялық тәжірибені тарату жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
4) ауыл шаруашылығы өнiмi өндiрiсін дамытудың орташа мерзiмдiк жоспарларын әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
5) облыстық бюджеттің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және бір жылдық пен үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастырады;
6) әкімшісі Басқарма болып есептелетін бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырады және есебін жүргізеді;
7) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес бухгалтерлік, қаржылық және басқа да есептерді уақытылы жинақтауды және тапсыруды жүзеге асырады;
8) өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыруға ықпал етеді;
9) агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерін сату жөніндегі көтерме сауда рыногін ұйымдастыруға ықпал етеді;
10) агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің базардағы бағасына мониторинг жургізеді;
11) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
12) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлейді;
13) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізеді және басып шығарады;
14) бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әрбір түріне субсидияларды іске асырады;
15) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізеді;
16) ірі қара малдың тұқымдары бойынша республикалық палаталардың ұсыныстарын ескере отырып, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiнiң әрбiр түрi және әрбір субъект бойынша субсидиялануға жататын, өткізілетін асыл тұқымдық өнiмнiң (материалдың) жыл сайынғы квотасын көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегiнде айқындайды;
17) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар етеді;
18) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асырады;
19) мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруға субсидиялау;
20) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;
21) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат береді;
22) темір жол станцияларындағы, теңіз және өзен порттарындағы (пристаньдарындағы), әуежайлардағы, автовокзалдардағы (автостанциялардағы), ішкі сауда объектілеріндегі, почта байланысы ұйымдарындағы және өзге де объектілердегі карантинді аймақтарда осы объектілердің иелері жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды өткізуін ұйымдастырады;
23) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiмінін жобасын дайындайды;
24) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
25) өсімдіктерді қорғау саласында халық арасында түсіндіру жұмысын ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға зиянды организмдер бойынша фитосанитариялық мониторинг жүргізу жөнінде әдістемелік көмек көрсету ;
26) Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасы және фитосанитариялық іс-шаралар туралы мүдделі адамдарға ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
27) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;
28) пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
29) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөнінде жұмыстар жүргізуіне жәрдем көрсетеді;
30) тұқым шаруашылығын дамытудың тиісті бағдарламаларын әзірлейді және жергілікті өкілді органдарға бекітуге ұсынады, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
31) элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдар өндірісі және өткізу көлемі жөнінде ұсыныстарды уәкілетті органның қарауына енгізеді;
32) тұқым шаруашылығы субъектілеріне (тұқым сапасының сараптамасы жөніндегі зертханаларды қоспағанда) тиісті куәлік бере отырып аттестаттау жүргізеді;
33) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметінің басталғандығы туралы хабарлаған байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшыларын есепке алуды жүзеге асырады;
34) дақылдың басымдығын ескере отырып егіс алаңына себілетін тұқымдарға қажеттіліктің ғылыми негізделген нормаларының негізінде: элиталық-тұқым өсіру шаруашылығы үшін - элиталық тұқымдарды өндіру және өткізу;
35) облыс бойынша тұқымдар балансын жасайды;
36) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты табыс етуді қамтамасыз етеді;
37) өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдеседі;
38) тұқым шаруашылығы саласында субсидиялау бағдарламаларын іске асырады;
39) Селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген, Қазақстан Республикасында пайдалануға жіберілген, өздерінің жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіру және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
40) жоғары сапалы тұқым сорттарын өндіруге және олармен шаруашылық субъектілерін қамтамасыз етуге байланысты мәселелер бойынша тұқым шаруашылығының барлық буындарының қызметін ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асырады;
41) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізеді;
42) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы бойынша ұлттық стандарттарды, нұсқаулықтарды және басқа да нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
43) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
44) селекцияны және тұқым шаруашылығын, дәнді дақылдар өсіру технологиясын дамыту, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру;
45) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
46) астықтың (тұқымның) сапасы бойынша стандарттарды, техникалық шарттарды, басқа да нормативтік құжаттарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
47) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
48) астық қолхаттарының тиімді айналымы үшін жағдайлар жасау;
49) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
50) астық қабылдау кәсіпорындарын: бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеруді; астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;
51) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
52) тиісті облыстың дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілерінің мемлекеттік астық ресурстарына азық-түліктік астық жеткізу мөлшерін жалпы түсімге проценттік қатынаспен бекіту;
53) дәнді дақылдар егуге арналған екі жүз елу гектар және одан да көп егіс алаңы бар отандық астық өндірушілердің мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру жөніндегі міндетін орындауын бақылау;
54) мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстарын қалыптастыру көлемін бекіту үшін астық мұқтажын бәсекелестік секторы қамтамасыз етпеген өтінімдерді уәкілетті органға ұсыну;
55) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
56) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
57) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
58) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
59) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
60) сыртқы экономиқалық байланыстарды дамытуға еліміздің ішінде және шет елдерде АӨК өнімдерін өткізетін рыноктарды кеңейтуге көмектеседі;
61) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру (меморандум);
62) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
63) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин режимiн немесе шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
64) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы шешімінің жобасын дайындайды;
65) ветеринариялық мақсаттағы препараттар өндірісін қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау;
66) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару;
67) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту;
68) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру ;
69) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
70) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін әзірлеу және оны уәкілетті органға табыс ету;
71) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды, жануарға арналған ветеринариялық паспортты мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру және оларды тасымалдау (жеткізу);
72) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
73) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;
74) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі деректер базасын ұйымдастыру және жүргізу;
75) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға табыс ету;
76) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;
77) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;
78) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру;
79) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;
80) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді;
81)агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға, осы саладағы мемлекеттiк, салалық (секторлық), өңiрлiк бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
82) агроөнеркәсiптік кешен субъектілерiне мемлекеттiк аграрлық азық-түлiк саясатының негiзгi бағыттары мен тетiктерiн түсiндiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
83) бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
84) мынадай:
- ауыл шаруашылығы өндірушілермен ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарының лизингке алу;
- машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту;
- машина-технологиялық станциялардың (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiне мониторинг жүргізу;
- агроөнеркәсіп кешен субъектілерiнің ауыл шаруашылығы техникасы және құрал-жабдықтарына несиелендіру уақытында проценттік ставкаларды арзандатуды қамтамасыз ету;
- субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының басым дақылдар өндіруде өнiмнiң шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар майдың құнын және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзуге қажеттi басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату шараларды ұйымдастыру;
85) отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізіледі;
86) азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізіледі;
87) ауыл шаруашылығының өндірісін қажеттілігіне қарай жанар-жағар маймен қамтамасыз етуін ықпал ету;
88) облыстың аграрлық секторында қажетті өндірістік инфрақұрылымдарды құруға көмектеседі.
19. Құқықтары мен міндеттері:
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;
2) басқарма құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындары құру туралы ұсыныстар беруге;
3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акцияларының мемлекеттік пакетін (жарғылық капиталындағы қатысу үлесін) иелену және пайдалану;
4) гендерлік және семья-демографиялық саясатты жасақтау және жүзеге асыруға қатысуға құқылы.
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі:
1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау;
2) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
3) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастыралған өзгеде міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
20. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына
және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бастық жүзеге асырады.
21. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінін бастығын Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
22. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
23. Бастықтың өкілеттігі:
1)«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасарларының, бөлім бастықтарының және басқа да жауапты қызметкердің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдық жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
3) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
4) өз құзыреті шегінде «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдың және бөлімшелерінін құрылымы мен Ережелерін бекітеді;
5) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
6)«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
7) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
24.«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қабылдайтын шешімдер бастықтың бұйрығымен ресімделеді.
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға мен жүзеге асырылады.
25. Бастық өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
26. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
27. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі,өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
29. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
30. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.