Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары

«Сыбайлас жемқорлық аса маңызды мәселелердің бірі»
Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің ««Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілгендей «Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.» Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі жəне қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осы заңға сəйкес жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру жəне жетілдіру жөніндегі ұсыныстар барысы айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізіледі.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жүргізіледі.
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын басқарма басшысының 2015 ж 3 тамыздағы № 98 бұйрығымен бекітілді. Жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының бұзылуына байланысты ескерту шараларын қолдану туралы», «ҚР мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі», ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Заңнамаларының талаптары бойынша семинарлар мен кеңестер өткізілді.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың веб-сайтында auyl.aktobe.gov.kz орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауымен танысуға болады.
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 10-бабының 2-тармақшасына және «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының» 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 120 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп, екі тілде басқарманың сайтында орналастырылды.
Басқарманың қызметкерлері бақылау іс-шараларын және басқа да шешім қабылдайтын іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті түрде қарап, заңнамаға сүйеніп, шешім қабылдайды және мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін міндеттерді орындап, шешім қабылдау барысында ешқандай материалдық игіліктерді, қызмет түрлерін және өзге де артықшылықтарды қабылдамайды, оған қоса жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбайды. Сонымен қатар, қоғамдық талқылаусыз мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын құқықтық актілерді әзірлемейді.
Конституциялық құқықтарды қорғау және азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне сенімін жоғарылату мақсатында жылына екі рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері» өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Бүгінгі күнге дейін өтініштер мен арыздар түскен жоқ. 2013-2016 жылдары, сонымен қатар 2017 жылдың бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бар фактілер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық дүниетанымды және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Өзіңнен баста» акциясы өз ісін жалғастыруда.
Осы акция барысында мемлекеттік органның басшылары және оның орынбасарлары өздерінің меншік құқына жататын мүліктері және әр жылдың табыс мөлшері туралы жариялайды.
Басқарманың лауазымды қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы азаматтардың арыз шағымдары салынатын арнайы жәшігі және лауазымды тұлғалардың қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін 54-15-54 сенім телефоны орнатылған.
Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін кездестірген жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие мемлекеттік қызметші бұзушылықтың алдын-алуға немесе тоқтатуына байланысты қажетті шараларды қабылдайды.
Call centre 1424 Сенім телефоны 54-15-54
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы
басқарма басшысы Қ.Сарсембай
Жемқорлыққа қарсы күрес – ұзақ мерзімді саясат
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда. Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Жалпы алғанда, қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көрністерінің азаюы байқалады.
Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Яғни пара беру де, пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көрсетіп берді.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие адам өзі қызметкері болып табылатын мемлекеттік органның не ұйымның басшылығына не сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органға хабар беруі тиіс. Жемқорлық құқық бұзушылықты хабарлаған және басқа да жолмен жемқорлықпен күреске атсалысқан тұлға мемлекет қорғауында болады.
Елбасы, Қазақстан Президен­ті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан хал­қына арнаған әр Жолдауында жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге баса назар аудара­ды.
«Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз» деп еді Елбасымыз. Сондықтан қоғамды жегідей жеп жатқан қауіпті індетпен көп болып күресуіміз қажет.
Біздің міндет – халыққа қызмет!
Ел болып, сыбайлас жемқорлықты жеңейік!
Қайрат Гүлден Таңатарқызы
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының
Құқықтық жұмыс бөлімінің бас маман-заңгері
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша
атқарылған жұмыстар нәтижесі
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» заңнамасын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары басқарма басшысының 2015 жылдың 3 тамызында № 98 бұйрығымен бекітіліп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың веб-сайтында орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауымен танысуға болады. Тараудың ішінде сыбайлас жемқорлық деген не онымен күрес қағидалары, сыбайлас жемқорлықтың түсініктемесі және белгілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткізілген семинарлар деген материалдар орналастырылған.
Сонымен қатар, басқармада мемлекеттік сатып алудың рәсімдерін ұйымдастырғанда мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының талаптары сақталады. Мемлекеттік сатып алу процесі баға ұсыныстары және конкурс тәсілдерімен жүзеге асырылады. Конкурстың нәтижесінде портал бойынша жеңімпаздар анықталады және бұл мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Бір көзден алу тәсілімен өткізілген мемлекеттік сатып алу туралы шешімдер уақытылы басқарманың веб-сайтында орналастырылады. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары және оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік сатып алу Веб-порталында орналастырылған.
Басқарманың лауазымды қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы азаматтардың арыз шағымдары салынатын арнайы жәшігі және лауазымды тұлғалардың қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін 54-15-54 сенім телефоны орнатылған. Бүгінгі күнге дейін өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Сонымен бірге, тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету үшін және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының нормаларын сақтау мақсатында, басқармада «Айқын» тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу бағдарламасы орнатылып, қарау мерзімдері қатаң бақылауға алынады.
Сонымен қатар, басқармада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» стенді ілінген. Стенд екі тілде жасалып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілік, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту тараулары бойынша ақпарат орналастырылған. Стендте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мекен жайы мен телефондары көрсетілген.
«Начни с себя – Өзіңнен баста» атты республикалық акциясы бойынша, Басқарма басшысы және басқарма басшысының орынбасарлары басқарманың веб-сайтында табыстары туралы ақпарат орналастырылды.
Басқарма басшысының 2012 жылғы 29 қазандағы № 122 бұйрығымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күндері ұйымдастырылады. Яғни әр айдың үшінші сәрсенбісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинарлар өткізіледі. 2015 жылдың басынан бастап басқарма қызметкерлерінің арасында 10 семинар өткізілді..
2015 жылдың 21 қаңтарында басқарма басшысының орынбасары А. Ықыластың төрағалығымен өткен семинарда Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылау және оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету туралы құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Г. Нұрмұхамедова баяндама жасады. Семинарда стратегияның негізі мақсаттары кеңінен талқыланған болатын.
ҚР 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылау және оның нәтижелі орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылдың 9 сәуірінде басқармада аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдерінің тұқым шаруашылық инспекторлары мен тұқым шаруашылығының бас агрономдарының қатысуымен өткен семинарда тұқым шаруашылығы және өсімдікті қорғау бөлімінің басшысы М.Исмағамбетов тұқым шаруашылығы және өсімдікті қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету тақырыбын және ҚР 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясын талқылап түсіндірді. М.Исмағамбетов тұқым шаруашылығы саласында көрсетілетін қызметтерге жеке-жеке тоқталып, 2014-2015 жылдары көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы айтып өтті. Семинарда мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде жіберілетін кемшіліктер мен оларды болдырмау үшін мемлекеттік қызметтерді көрсету мемлекеттік көрсетілетін стандарттар мен регламенттердің талаптарына сәйкес жүргізілу міндетін қойды.
2015 жылдың 19 ақпанында басқарма өткен семинарда егіншілік бөлімінің басшысы А. Абтиев көктемгі егіс жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға арналған субсидиялар туралы 020 бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде баяндады.
2015 жылдың 15 сәуірінде басқармада кезекті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн» семинары өткізілген болатын. Семинарда баяндаманы Асыл тұқымды мал шаруашылығын және мал өнімдерін өндіруді субсидиялау тақырыбында мал шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ. Мәліков оқыды және басым бағыттарына тоқталды. Семинарда асыл тұқымды мал шаруашылығын және мал өнімдерін өндіруді субсидиялау жұмыстары түсіндірілді.
2015 жылдың 25 мамырында кезекті семинар өткізілген. Семинарда ветеринария бөлімінің бас маманы С.Жаржановтың жануарларды бірдейлендіру - ол не үшін қажет (құқық бұзушылық фактілері) сұрағы бойынша баяндамасы тыңдалған болатын. Семинарда жануарларды бірдейлендіру жұмысы туралы, бірдейлендіруді жүргізуге кедергі жасайтын мәліметтер, құқық бұзушылық фактілері талқыланды.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 19 маусымында басқарма өткен семинарда ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімінің басшысы Г. Байдуллина өтініштерді қарау тәртібі туралы түсіндіріп, басқармада өтініштермен жұмыс жүргізу нәтижесі туралы айтып өтті. Баяндама соңында өтініштерді қарауды бақылауға алу және ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын қатаң сақтау ескертілді.
Келесі кезекті семинарда 2015 жылдың 21 шілдесінде баяндаманы маркетинг, қайта өңдеу және инвестиция бөлімінің басшысы В. Ким оқыды. В. Ким күн тәртібінде агроөнеркәсіптік кешен субьектісі инвестициялық салымдар кезінде жұмсаған шығындарының бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау бағдарламасын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлық қаупі туралы баяндады. Семинарда субсидиялау жұмыстарын жүргізу, қойылатын талаптар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша атқарылатын жұмыстар сұрақтары талқыланды. Баяндама бойынша сұрақтар қойылып, тиісті жауап берілген.
Жоспарға сәйкес ішкі бақылау тексерісін жүргізуді көбейту мақсатында 2015-2017 жылға арналған Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ішкі бақылау қызметінің жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 25 тамызында басқармада Бюджеттен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялауға берілетін қаражаттың Заңға сәйкес төленуін бақылау бойынша семинар өтті. Семинарда экономика бөлімінің бас маманы А. Нугманова Ішкі бақылау жұмыстары туралы баяндап берді және ішкі бақылау қызметінің мақсаты мен тексеру жүргізу тәртібіне тоқталып өтті.
Ағымдағы жылы бекітілген жұмыс жоспары бойынша ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 2 наурыздағы № 235 «ҚР Республикалық және жергілікті деңгейде мемлекеттік ішкі қаржылық бақылауды іске асыру ережесі, ҚР бюджеттік кодесінің 2008 жылғы 4 желтоқсандағы 144 бабына, облыс әкімінің қаулысы бойынша берілген субсидияларға 4 (төрт) ішкі бақылау жасалынды, заң бұзушылықтар болған жоқ. Ішкі бақылау қызметінің ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау бойынша бюджеттік бағдарламалардың қаржыларының 35% қамту мақсатында бүгінгі күнге 67,2% құрады.
2015 жылдың 5 қазанында өткен кезекті семинарда баяндамашы қаржы бөлімінің басшысы Б. Құттымұратова Басқарманың бюджеттік қаражаттарын игеру бойынша жүргізілген жұмыстар туралы кеңінен түсіндіріп берді.
2015 жылдың 22 қазанында басқармада жоспарға сәйкес семинар өтті. Семинарда сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын алу тақырыбында механизация бөлімінің басшысы Б. Шамиловтың баяндамасы тыңдалды. Баяндамаға сәйкес техникалық инспекция саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер және қызметтерді көрсету тәртібі, сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін атқарылатын шаралар туралы айтылды.
Аталған семинарлар басқарма қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында өткізіледі.
«Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық сұрақтары бойынша 2015 жылдың 11 наурызында «Қайырлы таң, Ақтөбе бағдарламасына басқарма басшысының орынбасары Қ.Сарсембай, 2015 жылдың 13 наурызында «Біз айтпасақ, кім айтады?» бағдарламасына және ауыл шаруашылығын дамыту тақырыбындағы брифингке басқарма басшысының орынбасары А.Ықылас қатысқан болатын.
Сондай-ақ, 2015 жылдың 13 наурызында сыбайлас жемқорлық түсінігі туралы «Актюбинский вестник» газетінде басқарма басшысының орынбасары А.Ықыластың «Дело всего общества» атты мақала жарияланды.
2015 жылдың 25 тамызында «Ақтөбе» газетінде және Ауыл шаруашылығы басқармасының сайтында құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің бас маманы А.Аманкулованың «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты мақала жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңдылықтарын бұзудың алдын-алу, сонымен бірге ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен өзара іс-қимылды жандандыру үшін ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің басшысы Г.Бисекешованың қатысуымен ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңын түсіндіруге арналған семинар өткізілген болатын. Семинарда басқарма қызметкерлеріне ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңның негізгі өзгерістері түсіндірілді.
Сонымен қатар, басқармада алдағы уақытта «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы», «Еңбек кодексі» жаңа заңдарын түсіндіру бойынша семинарлар өткізілу жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттік Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/32 бұйрығымен бекітілген «Бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы және конкурс комиссиясын қалыптастыру» қағидаларының талаптарына сәйкес басқармада 4 конкурс өткізілді. Конкурс қорытындысы бойынша 11 қызметкер жұмысқа қабылданды. Мемлекеттік әкімшілік лауазымға алғаш рет қабылданған жетекші мамандарға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2013 жылғы 18 қазандағы № 06-7/148 бұйрығына сәйкес екі ай мерзіммен тәлімгерлер бекітілді. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы ақпарат уақытылы заңға сәйкес басқарманың интернет-ресурсына орналастырылуда.
Сонымен қатар, басқарманың интернет-ресурсында тұрақты ауыл шаруашылығы саласында туындайтын мәселелер бойынша ақпараттар жарияланады.
2015 жылдың 29 қыркүйегінде және 25 қарашасында «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының бұзылуына байланысты ескерту шараларын қолдану туралы», «ҚР мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі» атты тақырыбында семинарлар өткізілді. Семинарда «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқының жалпы қағидалары», «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы» тармақтарына тоқталып түсініктеме берді және мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтау әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті екендігі ескертілді.
Ағымдағы жылда мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілмеген өзге қызметтер мен функциялар бойынша ұсыныстың нәтижесінде «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» және «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» функциялар мемлекеттік қызметтер тізіліміне енгізілді.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің 2015 жылдың жоспар бойынша бірдейлендірілгені және жоспардың орындалуы:
ірі мүйізді қара 128,275, бірдейлендірілгені 145,311 жоспардың орындалуы 113,3% ;
ұсақ мүйізді қара жоспар бойынша 391,374, бірдейлендірілгені 436,622 жоспардың орындалуы 111,6% ;
жылқы жоспар бойынша 23,763, бірдейлендірілгені 30,199, жоспардың орындалуы 127,1%;
шошқа жоспар бойынша 67,773, бірдейлендірілгені 109,156, жоспардың орындалуы 161,1%;
түйе жоспар бойынша 2,041, бірдейлендірілгені 3,008, жоспардың орындалуы 417,4%;
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша мониторинг күн сайын бақылауда.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!
Сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің салдарынан материалдық және материалдық емес игіліктер заңсыз алынады, оның нәтижесінде қоғам мүдделеріне нұқсан келтіріледі және мемлекеттік биліктің беделі төмендейді.
Жемқорлық – қызметтік лауазымды пайдалана отырып, оны жеке мүддеге пайдалану.
Тәжірибе көрсеткендей, жемқорлық мемлекеттік басқару жүйесін бұзады, экономиканың дамуына шектеу қояды, әсіресе экономика саласында ұйымдасқан қылмыстың өсуіне мүмкіндік береді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өз өкілеттіктері шегіндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?
· Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу;
· Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу;
· Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу;
· Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру;
· Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету;
· Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану;
· Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету;
· Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда);
· Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу;
· Мемлекеттік немесе осыған теңестірілген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.
Есте сақтаңыз! Егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдем көрсететін болсаңыз, онда сізге қол сұғылмаушылыққа байланысты мынандай мемлекеттік кепілдіктер тағайындалады:
- егер сіз жемқорлық заң бұзушылық фактісі бойынша хабарлассаңыз немесе жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз – онда мемлекет қорғауында боласыз;
- егер сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, онда сіз туралы жеке ақпарат мемлекеттік құпия болып есептеледі. Көрсетілген ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
- егер Сіз жемқорлықпен күресте жәрдемдессеңіз, қажет жағдайда, жемқорлықпен күресті жүргізіп жатқан органдар сіздің жеке қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуі керек.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарға біржолғы ақшалай сыйақы түрінде жүзеге асырылатын көтермелеу белгіленеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жәрдемдесу: 1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактісі туралы хабарлау; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған іздеудегі адамның тұрған жері туралы ақпарат беру; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу үшін кейіннен маңызы болған өзге де жәрдем беру.
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық мәдениетке жат құбылыс ретінде сезіну және қабылдамау- қоғамымыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің негізі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының
бас маман-заңгері Қайрат Гүлден Таңатарқызы
Сыбайлас-жемқорлық деген не, онымен күрес қағидалары
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағнасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.
Сыбайлас-жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларына келесі жатады:
1. Баршаның заң және сот алдында теңдігі.
Бұл қағиданы сақтау және жүзеге асыру сыбайлас-жемқорлықпен күресте өте маңызды. Өкінішке қарай, заңнаманы таңдап қолдану өте жиі кездеседі, ондайда заң біреу үшін бар, басқалар үшін жоқ. Жеке соттар, мемлекеттік қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері сондай-ақ сыбайлас-жемқорлыққа беттелген.
Бұл қағиданың сақталуының кепілі азаматтардың өздерінің белсенділігі болып табылады—сыбайлас-жемқорлық үдерістерді БАҚ-та жариялау, оның ішінде БАҚ, бұқара өкілдерінің сот үдерістерінде болуы; өтініштерді прокуратураға, экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттікке және басқа құқық қорғау органдарына беру.
2. Мемлекеттік органдар қызметінің нақты құқықтық тәртібін, заңдылығын және осындай қызметтің жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас-жемқорлықпен күрес бойынша Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету,мемлекеттік басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзыреттерін оңтайландыру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесіне көшу негізінде мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Бағдарламада ерекше орын азаматтық қоғам ұйымдарын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметке тартуға, құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бөлінеді.
Нормативтік құқықтық актілерді сыбайлас-жемқорлыққа қарсы сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуын қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
ҚР Әділет министрлігі “Мүддес болу туралы” заң жобасын әзірлеп, парламентке ұсынды, онда заң жобаларын мүддестендіру үдерістерін құқықтық реттеу және лауазымды адамдардың өз функционалдық міндеттерін орындаған кезде даудың алдын алу бекітілген.
3.Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысы бар сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-әрекетінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары мен механизмдерін жүзеге асыру , сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
-мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
-лауазымды, сондай-ақ олардың қатарына жататын басқа адамдардың құқықтарын және еркіндігін ҚР Конституциясының 39 бабы 1 тармағына сәйкес шектеу;
-жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдарын жою және алдын алу:
-сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықпен күреске ықпал жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
-кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.
Сыбайлас-жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады.Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас-жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.
Сыбайлас-жемқорлық әсіресе мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Мұндай жағдайда ол биліктің монополиясын, мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдау өкілеттігін күшейтеді және шенеуніктердің қатал құқықтық есеп беруін және бақылауда болуын жою симбиозын көрсетіп-білдіреді.
Практика көрсеткендей, сыбайлас-жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді.
Сыбайлас-жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды.
3.1. Қандай мемлекеттік органдар сыбайлас-жемқорлыққа қарсы қызметті жүзеге асыра алады?
Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылықты анықтау, болдырмау, алдын алу және өз құзыреті шеңберінде оларды жасаған адамдарды жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдарымен жүзеге асырылады.
Аталмыш органдардың лауазымды адамдары заңнама белгілеген мерзімде іс, материал, хаттама жіберген адамға немесе органға жазбаша сыбайлас-жемқорлық қылмыс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы көрсетіп-білдіру жіберуге , оларды қарағанның нәтижелеру туралы хабарлауға тиіс.
Заңға сәйкес бұл органдар олардың құзырынан шығатын шаралар қабылдауға және жауапты мемлекеттік лауазымда отырған адамдардың жасаған сыбайлас-жемқорлық қылмысын анықтаған әр оқиға туралы құқық статистикасы және ақпарат органдарына дереу мәліметтер жіберуге міндетті.
ҚПК 192 бабына сәйкес т.тг) 176 бап.3 б.,193 бап.3 б., 209 б.1 б., 307 б.,1 б.,308 б.1 б.,310,310 б.1,2 б.,312-315 б.қарастырған қылмыстар туралы алдын ала тергеу қаржы полициясы тергеушілерімен жасалады.
ҚП ҚПК 307 бабының 2,3,4 б., 308 бабының 2,3,4 б., 311 бабының 3,4, б. Қарастырған қылмыс туралы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
ҚР ҚПК 380 бабы қарастырған қылмыстар туралы қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғаған ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік немесе қаржы полициясы органымен жасалады.
Сыбайлас-жемқорлықпен байланысты қылмысты анықтау, ашу, жібермеу және алдын алу мақсатында жедел-іздестіру және басқа қызмет, сондай-ақ заң белгілеген тәртіпте заңға қайшы табылған мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында қаржы бақылауының арнайы шараларын қолдану ҚР 1994 жылғы 15 қыркүйектегі “Жедел-іздестіру қызметі туралы” Заңына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
3.2. Сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасаған адамдардың қауіпсіздігіне кепілдік
Сыбайлас-жемқорлықпен келіскісі келмейтін азаматтардың белсенді іс-әрекеттері өз нәтижелерін беруде. Мысал ретінде нақты болған жағдайды айтуға болады: кәсіпкер өзіне шабуыл жасаған адамдардың қатыстылығын анықтауға ықпал жасау үшін криминалдық полиция бастығына жүгінді. Криминалды топтардан (және полиция қызметкерлерінен, бұл енді тіпті қызық) қорғайтыны үшін бастық кәсіпкерден айына 100 мың теңге талап еткен, олай болмаса оның қауіпсіздігіне кепілдік бере алмайтынын айтқан. Кәсіпкер оның ұсынысымен келеді. Соңынан парақор жәбірленушіден талап етілген соманың бөлшегін қалалық криминалдық “бедел” болып келген жалған адам арқылы алған. Кәсіпкер Бас басқарма бастығының орынбасарына криминал полициясы бастығының заңсыз іс-әрекетінен қорғауын өтінеді. Орынбасар оған мезетте келіседі де алдын ала кәсіпкердің дүкенінен “Мерседес” автомашинасы үшін 58 мың теңге тұратын төрт доңғалақ дискілерін алып кетеді. Онымен қоймай, волейбол командасына 200 мың теңгелік демеушілік көмек көрсетуді сұрайды. Ішкі істер органдарының қызметкерлері криминалды адамдармен бірге пара талап етіп отырғанын көріп, кәсіпкер ҰҚД өтініш береді, бұл органның қызметкерлері ішкі істер қызметкерлерін 200 мың теңге және 500 доллар алып жатқан жерінде ұстайды.
Басқа міндеттерін былай қойғанда, органдар жедел-іздестіру қызметтің міндеттерін орындаған кезде өз құзырына сәйкес заңмен қорғалатын жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандығын және мүдделерін, қоғамның , мемлекеттің меншігін, қауіпсіздігін және оның экономикалық және қорғаныс потенциалын қорғауға міндетті.
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 7 бабында сыбайлас-жемқорлықпен күреске ықпал жасап жүрген адамдарды қорғауға келесі кепілдік бекітілген:
сыбайлас-жемқорлық қылмыс фактісі туралы хабар берген немесе басқаша бір тәсілмен сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам мемлекет қорғауында болады;
-сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал жасап жүрген адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және тек қана прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, , ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметі, қаржы және әскери полиция органдары, соттың сұрауымен заң белгілеген тәртібі бойынша беріледі.
Бұл ақпаратты жариялау заң белгілеген жауапкершілікке әкеліп соғады:
-қажет болған жағдайда сыбайлас-жемқорлықпен күресетін органдар сыбайлас-жемқорлықпен күресуге ықпал етіп жүрген адамның жеке қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Куәгерлерді қорғау үшін, оның ішінде құқық бұзушылық туралы, мемлекет мемлекет бюджетінде жеке жолмен жазылған қомақты қаржы бөледі.Оның үстіне, ҚР экономикалық және сыбайлас-жемқорлық қылмыспен күрес жөніндегі Агенттігінде сыбайлас-жемқорлық туралы хабарлағандарды қорғау жөніндегі департамент іске кірісіп, ойдағыдай істеп жатыр. Егер қажет болған жағдайда, мұндай адамдарды физикалық қорғау, тіпті жасыру, тұратын орнын, аты-жөнін,тіпті түрін өзгертуге дейін. Қорғау жалған ақпарат берген адамдарға жатпайды.
Оның үстіне, “ҚР сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 17 бабына сәйкес сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органға басқа мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органның қызметкері жөнінде жалған хабар берген мемлекеттік қызметші, құқық қорғау органының қызметкері тәртіптік тәртіппен сыбайлас-жемқорлықпен күрес жүргізетін органның көрсетіп-білдіруімен жұмыстан босатылғанға дейін жазаланады.
3.3.Мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың қандай іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады?
“Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңның 12 бабына сәйкес мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті және оларға теңелген адамдардың іс-әрекеттері сыбайлас-жемқорлық үшін жағдай жасайды деп табылады:
-заңсыз басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне араласуы;
-өз қызмет өкілеттігін аталған адамдардың немесе олардың жақын туыстарының және жақындарының материалдық мүдделерін қанағаттандырумен байланысты сұрақтарды шешкен кезде пайдалану;
-мемлекеттік және соған теңелген қызметке түскен және жылжыған кезде заң қарастырмаған басымдық беру;
-шешімді дайындаған және қабылдаған кезде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз басымдық беру;
-кім болса да кіріс алумен байланысты кәсіпкерлік және басқа қызметпен айналысуды жүзеге асыруға кез-келген заңнамамен қарастырылмаған ықпал ету;
-мемлекеттік міндетті орындау кезінде алынған ақпаратты жеке немесе топ мүддесінде пайдалану, егер ол ресми таратылуға болмаса;
-жеке және заңды тұлғаларға заңнамамен беруге қарастырылған ақпаратты негіссіз бермеу, оны кешіктіру, жалған немесе толық емес ақпарат беру;
-жеке және заңды тұлғалардан заңнамамен қарастырылмаған ақпаратты талап ету;
мемлекеттік және материалдық ресурстарды жеке үміткерлердің немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорларына беру;
жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және олардың құзыретіне енетін басқа сұрақтардың шешу тәртібін бірнеше дүркін бұзу;
жоғарғы ресми адамдарға сыйлық беру және қызметтен тыс қызмет көрсету жасау, егер ол ырым жасау ишараты және қонақжайлылық нормалар, сондай-ақ хаттамалық және басқа ресми іс-шараларды өткізгенде болмаса;
жеке және заңды тұлғаларға олардың құқықтарын және заңды мүдделерін жүзеге асыруға ашықтан-ашық кедергі жасау;
жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге құзыретін беру;
мемлекеттік мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін беру;
жоғарғы немесе төменгі лауазымды адамдармен немесе олардан басқаша тәуелділермен ақшалай немесе басқа мүліктік сипаттағы құмарлы ойын ойнауға қатысу;
Мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті немесе соларға теңелген адамдар өз мемлекеттік міндетін орындағаны үшін ақшалай, қызмет көрсету және басқа формада ұйымдардан, жеке тұлғалардан сыйақы алса сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық болып табылады, егер басқаша ештеңе заңмен қарастырылған болмаса.
Сыбайлас-жемқорлық қылмыстың салдарын жою бойынша қандай шаралар қолданылуы мүмкін?
Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттер орындауға өкілетті адамдар немесе соларға теңелген адамдар заңсыз байыған барлық жағдайда, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде алынған мүлік қайтарылуға жатады, ал заңсыз пайдаланған қызмет көрсету құны—мемлекет кірісіне қайтарылады.
Заңсыз алынған мүлікті өз еркімен қайтарудан немесе мемлекетке оның құнын төлеуден бас тартқан жағдайда қайтарып алу сот шешімі бойынша прокурор, салық қызметі немесе басқа мемлекеттік органдар және лауазымды адамдардың талабы бойынша жасалады.
Сот шешім шығарғанға дейін өкілетті органдар құқық бұзушыға жататын мүлікті тәркілей тұрады. Егер мемлекеттік міндет атқарған адам немесе соған теңелген адам жұмыстан босатылғаннан кейін бұл талапты орындаудан бас тартса лауазым иесі немесе мұндай босату туралы шешім қабылдаған орган кінәлі адамның мекен-жайы бойынша заңсыз алынған кіріс туралы хабарды салық органына жібереді. Оның үстіне, сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық жасаумен байланысты келісімдер заң тәртібімен белгіленген бойда заңсыз деп мойындалады. Сыбайлас-жемқорлық құқық бұзушылық нәтижесінде жасалған актілер органмен немесе лауазымды адамдармен мүдделі жеке тұлғалар немесе заңды тұлғалар, немесе прокурордың талабы бойынша күшін жояды.