«Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

«Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат
2015 жылдың 1 қаңтарына жалпы өнім көлемі 123,9 млрд. млн.теңге, нақты көлем индексі 101,9% , оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 98,8%, мал шаруашылығында – 103,7% құрады.
Жұмыс жасайтын 1 адамға еңбек өнімділігі 2217,2 мың теңгені (жоспар – 1122,1 мың теңге) құрады.
А.ж. 1 желтоқсанына ауыл шаруашылығы негізгі қорына салынған инвестицияның көлемі 3,96 млрд.теңгенің немесе нақты көлем индексі 108,7% құрады.
Бағдарламаның негізгі бағытының бірі - қаржылық сауықтыру бойынша қаржы ұйымдарынан ақпарат алынып, мониторинг жүргізілді.
«Казагромаркетинг» АҚ берген ақпараты бойынша 25 агроөнеркәсіп кешенінің субъектілері сомасы 7,4 млрд.теңгеге қаржылық сауықтырылды.
Бағдарламаның екінші бір бағытының міндеті – Шаруашылық субъектілері үшін тауар, жұмыс, қызметтің экономикалық қолжетімділігін арттыру.
9761 гектарға 0,784 мың тонна минералды тыңайтқыш енгізіліп, 37,8 млн.теңге субсидия төленді. Арам шөптерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары 66,0 мың гектар жерге, оның ішінде 25,0 мың га егіске дейін, 41,0 мың га егістікте жүргізіліп, 127,1 мың литр гербицид жұмсалынып, мемлекеттік қолдау қаржы жоспары бойынша жыл басынан 109,7 млн. теңге игерілді.
Басым дақылдарды өндіруді субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқада тауар материалдық құндылықтардың құнын арзандатуды субсидиялауға 580,9 млн.теңге бөлініп, 2014 жылы 297,0 мың гектарға 580,9 млн.теңгесі, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру бойынша 18,5 млн.теңге 8,2 гектарға тұқым шаруашылығын қолдауға 82,4 млн.теңге бөлініп, 76,7 млн.теңгесі игерілді.
2014 жылдың 12 айында бөлінген мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға бөлінген 2404,8 млн.теңге сатқан 2626 тонна сиыр етіне, 107 тонна қой етіне, 319 тонна жылқы етіне, 6475 тонна шошқа етіне, 1700 тонна құс етіне, 11760 тонна, сиыр сүті, қымыз, шұбатқа, 80,0 млн дана жұмыртқаға, тиісінше асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға бөлінген 2053,6 млн.теңге сатып алынған 3978 бас отандық асыл тұқымды, 324 бас етті бағыттағы шетелден әкелінген ірі қара малына, 51883 бас етті және сүтті бағыттағы ірі қара малына тұқымдық селекциялық жұмыстарды жүргізуге, 1258 бас қоғамдық табында ұрықтандыру үшін ұстаған асыл тұқымды бұқаларға, 7638 бас сатып алынған асыл тұқымды қойға, 610 бас жылқы малына және 125000 бас қойға тұқымдылығын жақсартуға төленді.
Ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісі үшін тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру
Қаржылық қызметтердің экономикалық қолжетімділігін арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде, оның ішінде басым инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге қолжетімділікті арттыруға бөлінген қаражат іске асырылуда.
Осы инвестициялар салынған жағдайда агроөнеркәсіптік кешен субъектісі көтерген шығыстардың бөліктерін өтеу бойынша бөлінген 399,5 млн.теңге субсидия 2014 жылы 49 жобаға төленді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту және бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруда және «Агробизнес -2020» бағдарламасын іске асыру шаралары одан әрі жалғасын табуда.