2011-2015 жылдарға арналған аумақтық дамыту бағдарламасының есебі

Аналитикалық жазба
2014 жылы ауа райының қолайсыздығына нақты көлем индексі 101,9% (жоспар – 100,5%), оның ішінде өсімдік шаруашылығында – 98,8% (жоспар – 98,0 %), мал шаруашылығында – 103,7 % (жоспар – 101,8 %) құрады.
Жұмыс жасайтын 1 адамға еңбек өнімділігі 2217,2 теңгені (жоспар – 1122,1 мың теңге) құрады немесе 97,5% артық орындалды.
2013 жылы ішкі нарықты отандық тамақ өнімдерінің азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету деңгейі 66,3% (жоспар 82,8%) құрады. Есептеу кезінде әртүрлі әдістемелер қолданылды.
Өсімдік шаруашылғында мақсатты индикаторларға қол жеткізу үшін төмендегі шаралар іске асырылды.
Әртараптандыру одан әрі жүргізіліп, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда астық – 9,0% азайтылып, мал азығы дақылдарының көлемін 25,9% артты. 2014 жылғы қуаңшылықтың зардабынан дәнді дақылдардың 30% астамы және майлы дақылдардың 50% астамы шықпай қалды. Статистикалық мәлімет бойынша жиналған дәнді дақылдар 143,4 мың тонна (тазартылған салмақта) құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 32,6% азайды, сәйкесінше 6,1 мың тонна майлы дақылдар (24,6%), 83,7 мың тонна картоп (3,8%).
Топырақ құнарлылығын арттыру үшін 0,78 мың тонна минералды тыңайтқыштар егістік алқабына енгізіліп, ылғал қор сақтау технологиясымен 241,7 мың га немесе дәнді дақылдар себілді, бұл дәнді-дақылдар егісінің 54,1% құрады.
Өткен жылы жабық топырақтағы жылыжайдан алынған өнім 1775 тоннаны құрады. Ағымдағы жылы қуаттылығы 1500 тонналық 3 га жылыжайды («Ақтөба жылыжай» ЖШС) іске қосу жоспарлануда. Осы жобалар іске қосылғанда ішкі нарықтың қажеттілігін 41,4 пайыздан 52 пайызға дейін қамтамасыз етеді.
2014 жылы тұқым шаруашылығы, гербицид, минералды тыңайтқыштың құнын арзандатуға, көктемгі егіс және егін ору жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар маймен қамтуды, ауыл шаруашылығы дақылдары зиянды организмдеріне қарсы іс-шараларға, пестицилтерді залалсыздандыруға барлығы - 827,7 млн.теңгеге облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы мемлекеттік қолдау көрсетілді. 2014 жылы облыста мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің өсімі басқалды, 2013 жылмен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ет өндіру көлемі (сойыс салмақта) 6,9%, сүт - 0,1%, жүн - 3,9%, оның ішінде агроқұрылымдарда ет өндіру (сойыс салмақта) 45,5%, сүт - 12,8%, жүн - 7,8% артты.
2014 жылдың 12 айында бөлінген мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға бөлінген 2404,8 млн.теңге сатқан 2626 тонна сиыр етіне, 107 тонна қой етіне, 319 тонна жылқы етіне, 6475 тонна шошқа етіне, 1700 тонна құс етіне, 11760 тонна, сиыр сүті, қымыз, шұбатқа, 80,0 млн дана жұмыртқаға төленді.
2014 жылы 6 000 басқа екі ірі қара мал бордақылау алаңдары іске қосылып, ірі қара мал бордақылау алаңдарының жалпы қуаттылығы 17 000 басқа жеткізілді.
«Сыбаға», «Алтын асық» және «Құлан» бағдарламасы бойынша 3644 бас ірі қара мал 2 597 бас саулық қой мен асыл тұқымды қошқар, 320 бас аналық және асыл тұқымды айғыр сатып алынды.
2014 жылы «Байсейіт» ШҚ репродуктор-шаруашылық құру жұмысы жүргізілуде. Бүгінгі күні шаруашылықта 105 бас қазақтың ақбас тұқымды ірі қара мал өсірілуде. Жобаның қуаттылығы 500 бас.
2014 жылы асыл тұқымды: шетел селекциясындағы 311 бас қашар мен 13 бас аталық бұқа; отандық селекциядағы 2 212 бас қашар мен 1 766 бас аталық бұқа; 4 886 бас ұрғашы тоқты мен 2 752 бас аталық қошқар; 610 бас жылқы сатып алынды.
Жоғары сапалы асыл тұқымды аталық малдар қолдану арқылы мал тұқымын түрлендіруге 44 012 бас және ірі қара мал аналығы және 125 000 бас саулық қатысты.
2013-2014 жылдары қоғамдық табындарда мүйізді ірі қара малының тұқымдық түрлендіру жобасы шеңберінде 1 500 асыл тұқымды аталық бұқа сатып алынып, 40 000 мың бастан аса мүйізді ірі қара мал аналығын қамтуға берілді.
Асыл тұқымды мал үлесі 2015 жылдың 1 қаңтарына мүйізді ірі қара мал - 4,5%; қой - 11,7%; жылқы – 12,8%-ды құрап, 2014 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда асыл тұқымды мал үлесі: мүйізді ірі қара мал - 50%; қой – 24,4 %; жылқы – 15,3% өсті
«Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы бойынша мемлекеттік қолдау үшін 2014 жылға бөлінген 4458,4 млн.теңге игерілді.
Мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарының бірі – инвестициялық салынымдар кезінде АӨК субъектілері жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша капитал сыйымдылығын төмендету және салынған инвестициялардың өтемділігін арттыру жолымен АӨК басымды бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыру. Осы міндетті орындау үшін республикалық бюджеттен қарастырылған 399,5 млн.теңге 49 АШТӨ бөлініп берілді.