2016 жылғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

Ақтөбе қаласындағы «Табыс» коммуналдық базарында ауыл
шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары
№ р/с
Іс-шараның атауы
Орындалу мерзімі
Жауапты орындаушылар
1
Жәрмеңкеге әкелінетін өнімдердің түрлері мен көлемдері туралы «Базарларды басқару» ЖШС ақпарат беру
Әр аптаның бейсенбісі
Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері
2
Жәрмеңкедегі өнімдерге қойылған бағаларды келісу және бекіту
Апта сайын, әр аптаның жұмасы
Облыстық кәсіпкерлік басқармасы,
«Базарларды басқару» ЖШС (келісім бойынша)
3
Өткізілетін жәрмеңке туралы бұқаралық ақпаратты жариялау
Әр аптаның сейсенбі күнінен бастап
Облыстық ішкі саясат басқармасы
4
Жәрмеңкеге қатысушыларды сауда орындарымен және қажетті сауда құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, сонымен қатар жәрмеңке өтетін орынды безендіру
Жәрмеңке өткізілетін күні
Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері,
«Базарларды басқару» ЖШС (келісім бойынша)
5
Өткізілетін жәрмеңке күні мәдени ойын- сауық іс шараларымен қамтамасыз ету.
Жәрмеңке өткізілетін күні сағат 8-00 бастап
Облыстық мәдениет басқармасы
6
Азық-түлік тауарлары қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті ветеринарлық-санитарлық жұмыстарды жүргізу
Жәрмеңке өткізілетін күні
Тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті (келісім бойынша), Ветеринария басқармасы
7
Жәрмеңке өткізілетін жерлерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және «Табыс» базары арқылы жолаушылар көліктерінің қосымша бағыттарын ұйымдастыру
Жәрмеңке өткізілетін күні
Ішкі істер департаменті (келісім бойынша),
Ақтөбе қ. әкімдігі
8
Өткізілген жәрмеңкелердің қорытындылары туралы ақпаратты ауыл шаруашылығы басқармасына ұсыну
Жәрмеңке өткізілгеннен кейінгі аптаның дүйсенбісі
«Базарларды басқару» ЖШС (келісім бойынша),
Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері