Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталды

Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталды
Ақтөбе облысының облысының ауыл шаруашылығы басқармасы (Жұмыс органы) Қазақстан Республикасында 2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға бағытталған бағдарламасын іске асыру аясында кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.
Субсидиялауға теңгемен жылдық 19% (он тоғыз) -дан артық емес және шетелдік валютамен жылдық 10%(он)-дан артық емес бекітілген номиналды сыйақы мөлшерлемесімен жасалған келісім-шарттар жатады.
Нысаналы мақсаты айналым қаражаттарын толықтыру болып табылады, қарыздың қолданылу мерзімі 12 айдан аспайды.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға қатысу үшін қаржы институты немесе қарыз алушы жұмыс органына Мемлекеттік корпорация арқылы мынадай құжаттарды тапсырады: осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтініш; негізгі борыш пен сыйақыны өтеу кестесі қоса берілген, қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз шартының қаржы институты куәландырған көшірмесі; қағаз түріндегі және редакцияланатын электрондық форматтағы сыйақы мөлшерлемелерінің субсидияланатын/немесе субсидияланбайтын бөлігіндегі есептемелері қоса берілген жаңартылған өтеу кестенің жобасы; кредит алғаны туралы қарыз алушының несиелік шотынан үзінді-көшірмелер (екінші деңгейдегі банктер үшін) немесе қарыздың аударылғанын растайтын құжат; қарыз алушының субсидиялау бағдарламасына қатысуы туралы қызмет көрсетуші банктің келісім хаты (қарыз алушы Өтініш берген кезде).
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2017 жылдың 1 ақпандағы № 50 бұйрығымен бекітілген Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың қағидалары негізінде жүзеге асырылады.
Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялаудың шарттары туралы толық ақпаратпен www.auyl.aktobe.gov.kz электрондық мекенжайында жарияланған Қағиадалардан танысуға болады. Өтініш қабылдау келесі мекенжайда: Ақтөбе қаласы, Абілқайыр хан даңгылы 40, 506а бөлмесі, телефон 8(7132) 56 68 18.