«Туған жерім – нұрлы елім» акциясы шеңберінде 2017 жылы 10 маусымда Ақтөбе қаласында Темір ауданының күні өткізіледі

«Туған жерім – нұрлы елім» акциясы шеңберінде 2017 жылы 10 маусымда Ақтөбе қаласында Темір ауданының күні өткізіледі.
Аталған іс-шара негізінде Ақтөбе қаласы тұрғындары мен қала қонақтарына мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылады, оның ішінде, «Табыс» коммуналдық базарында аудандық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі.
Жәрмеңкеге Темір ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады.
Қала тұрғындарына келесі өнім түрлері ұсынылады: сиыр еті, жылқы еті, қой еті, тауық еті және сүт өнімдері. Жәрмеңке өнімдерінің бағасы қала базарларына қарағанда 10-15%-ға төмен болады.
Ақтөбе қаласының тұрғындарын аталған жәрмеңкеге қатысуға және қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз.(09.06.2017ж.)