«Сыбайлас жемқорлық аса маңызды мәселелердің бірі»

Қазақстан Республиканың Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің ««Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығында көрсетілгендей «Елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге аударылып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.» Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамның белсене атсалысуына байланысты. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресурстардың дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтың жек көруі күрестің қуатты құралына айналуға тиіс, сондықтан жемқорлықпен күрес жалпы барша халықтың борышы екенін атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимылды ұйымдастыру ел үшін маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті ең алдымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту керек. Осы орайда адамдардың сыбайлас жемқорлыққа көзқарасын түбегейлі өзгерту маңызды, қоғам үшін күрделі жəне қауіпті проблеманы шешуден ешкім тыс қалмауы қажет. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында қарастырылған. Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді. Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тəуекелдерін талдау жəне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мəдениетті қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институттары енгізілді. Олар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын тиімді іске асыруға мүмкіндік береді. Осы заңға сəйкес жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, іске асыру жəне жетілдіру жөніндегі ұсыныстар барысы айтылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндама енгізіледі.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және ескерту жұмыстары Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасында жүргізіледі.
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс шаралар жоспарын басқарма басшысының 2015 ж 3 тамыздағы № 98 бұйрығымен бекітілді. Жоспар бойынша бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, «Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларының бұзылуына байланысты ескерту шараларын қолдану туралы», «ҚР мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі», ҚР «Мемлекеттік көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы» Заңнамаларының талаптары бойынша семинарлар мен кеңестер өткізілді.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында, Басқарманың веб-сайтында auyl.aktobe.gov.kz орналастырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тарауымен танысуға болады.
2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 10-бабының 2-тармақшасына және «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының» 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 120 бұйрығына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітіліп, екі тілде басқарманың сайтында орналастырылды.
Басқарманың қызметкерлері бақылау іс-шараларын және басқа да шешім қабылдайтын іс-әрекеттерді жүргізу кезінде мәселелерді объективті түрде қарап, заңнамаға сүйеніп, шешім қабылдайды және мемлекеттік қызметшінің құзыретіне кіретін міндеттерді орындап, шешім қабылдау барысында ешқандай материалдық игіліктерді, қызмет түрлерін және өзге де артықшылықтарды қабылдамайды, оған қоса жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбайды. Сонымен қатар, қоғамдық талқылаусыз мазмұны азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын құқықтық актілерді әзірлемейді.
Конституциялық құқықтарды қорғау және азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне сенімін жоғарылату мақсатында жылына екі рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күндері» өткізіледі. Бүгінгі күнге дейін өтініштер мен арыздар түскен жоқ. Бүгінгі күнге дейін өтініштер мен арыздар түскен жоқ. 2013-2016 жылдары, сонымен қатар 2017 жылдың бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бар фактілер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық дүниетанымды және нөлдік төзімділікті қалыптастыруға ықпал ететін «Өзіңнен баста» акциясы өз ісін жалғастыруда.
Осы акция барысында мемлекеттік органның басшылары және оның орынбасарлары өздерінің меншік құқына жататын мүліктері және әр жылдың табыс мөлшері туралы жариялайды.
Басқарманың лауазымды қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қарсы азаматтардың арыз шағымдары салынатын арнайы жәшігі және лауазымды тұлғалардың қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін 54-15-54 сенім телефоны орнатылған.
Басқарма қызметкерлері сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін кездестірген жағдайда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпаратқа ие мемлекеттік қызметші бұзушылықтың алдын-алуға немесе тоқтатуына байланысты қажетті шараларды қабылдайды.
Call centre 1424 Сенім телефоны 54-15-54
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы
басқарма басшысы Қ.Сарсембай