2017 жылғы жаңа егін астығын қабылдау

Жаңа егін астығын қабылдауға облыста лицензияланған 6 астық қабылдау кәсіпорны бар. Олардың 2-і - Ақтөбе қаласында («Ақ бидай» ЖШС, «Жаңа-әлжан диірмен комбинаты» ЖШС), Мәртөк ауданында - «Рамазан» ЖШС, Хромтау ауданында – «Одақ ЛТД» ЖШС, Қарғалы ауданында – «Алтын астық» ЖШС, Әйтеке би ауданында – «Даут М» ЖШС орналасқан.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 сәүірдегі №4-1/339 «Астық қолхаттарының шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы», "Астық қабылдау кәсіпорының зерттеп-тексеру актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 11 маусымдағы № 15-03/313 бұйрықтарын астық қабылдаушы кәсіпорындар (АҚК) басшылыққа алу тиіс.
Ауыл шаруашылығы басқармасының бұйрығымен астық қабылдау кәсіпорындарының зерттеулер жүргізу туралы кестесі және уақыты бекітіліп, АҚК алдын-ала ескертілді.
Бүгінгі күні астық қабылдау кәсіпорындарда 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 137-бабы 3-тармағының 3-тармақшасына сәйкес, бақылау және қадағалаудың өзге нысанында жаңа астығын қабылдауға зерттеулер жүргізілуі басталды.