«Электрондық үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет

Астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметі бойынша қызмет көрсетуге лицензия «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде (әрі қарай – Басқарма), соның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы беріледі.
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 4-1/468 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 шілдеде № 11625 тіркелген Стандарт негізінде көрсетіледі.
Заңды тұлға лицензияны және лицензияға қосымшаны, лицензияны қайта рәсімдеу үшін, лицензияның телнұсқасын алу үшін Басқармаға өтінішін өзіне тиімді кез келген уақытта Стандартта қарастырылған құжаттардың негізінде тапсыра алады.