Ауылшаруашылығы кооперативтерінің атқарған жұмыстары және оны дамыту жөнінде өткізілген топтық кеңес

Ағымдағы жылдың 31 шілдесі күні Әйтеке би ауданы Қарабұтақ селосында облыс әкімінің орынбасары М.Абдулиннің төрағалығымен облыста 2016-2017 жылдары кооперативтердің атқарылған жұмыстары және оны дамыту жолдары тақырыбында топтық кеңес өткізілді.
Кеңеске облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Әйтеке би, Ырғыз, Хромтау, Шалқар аудандары әкімінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және кооператив төрағалары қатысты.
Аталған топтық кеңесте ауыл шаруашылығы саласында жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары кооператив жұмыстары жөнінде есеп берді. Сонымен бірге кооперативтерді дамыту жолдары жөнінде бірқатар жұмыстар талқыланды.