Ауылшаруашылығы кооперативтерінің атқарған жұмыстары және оны дамыту жөнінде өткізілген топтық кеңес.

Ағымдағы жылдың 2 тамыз күні сағат 1000-де Темір ауданы, Шұбарқұдық кентінің мәдениет үйінде облыс әкімінің орынбасары М.Абдулиннің төрағалығымен облыста 2016-2017 жылдары кооперативтердің атқарылған жұмыстары және оны дамыту жолдары тақырыбында топтық кеңес өткізілді.
Кеңеске облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Алға, Байғанин, Мұғалжар, Темір аудандары әкімінің орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және кооператив төрағалары қатысты.
Сонымен қатар, сағат 1600-де осындай кеңес Қобда ауданы, Қобда селосының мәдениет үйінде Қобда, Ойыл, Мәртөк және Қарғалы аудандарының әкім орынбасарлары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары және кооператив төрағалары қатысты.
Аталған топтық кеңесте ауыл шаруашылығы саласында жетекшілік ететін аудан әкімдерінің орынбасарлары кооператив жұмыстары жөнінде есеп берді. Сонымен бірге кооперативтерді дамыту жолдары жөнінде бірқатар жұмыстар талқыланды.