Ақтөбе облысы бойынша астық қабылдау кәсіпорындарының2017 жылғы егін астығын қабылдауға дайындығы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 «Астық туралы» Заңының 6-1 бабының 1 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Астық қолхаттарын шығара отырып ,қойма қызметіні бойынша қызметтер көрсетуге лицензиясы бар астық қабылдау кәсіпорындарына (әрі қарай АҚК) біліктілік талаптарына сәйкестігіне және жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығына жыл сайын зерттеу жүргізіледі.
2017 жылы 6 астық қабылдау кәсіпорындарына зерттеу жүргізілді, олар «Ақбидай-2000»ЖШС, «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Даут-М» ЖШС, «Степное-Алтын Астық» ЖШС, «Рамазан» ЖШС Мартөк, «Одақ ЛТД» ЖШС. Аталған астық қабылдау кәсіпорындарының жалпы сиымдылығы 368,0 мың тонна. Барлық зерттеуден өткен АҚК біліктілік талаптарға сай және облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жаңа егін астығын қабылдауға дайын.