2017 жылдың 19 тамызында «Табыс» коммуналдық базарында Ырғыз ауданы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі туралы

Ағымдағы жылдың 19 тамызы күні Ақтөбедегі аудан күндері іс-шарасы шеңберінде «Табыс» коммуналдық базарында Ырғыз ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Ырғыз ауданынан 26 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.
Жәрмеңкеде Ақтөбе қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылды:
Еттің барлық түрі
-
4,0 тонна,
Сүт өнімдері
-
1,2 тонна
Тары-талқан
-
0,2 тонна,
Бақша өнімдері
-
3,0 тонна
Балық
-
1,4 тонна,
Басқа өнімдер
-
5,2 тонна.
Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Ақтөбе қаласы базарларының бағасынан 10-15% төмен болды. Жеткізілген өнім көлемі 15,0 тоннаны құрады.
Іс-шара Ырғыз ауданының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылып өткізілді.