Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі

«Табыс» коммуналдық базарында «Туған жерім – нұрлы елім!» атты Ақтөбе облысы аудандарының күндері акциясының ясында Мұғалжар ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге Мұғалжар ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысты.
Қала тұрғындарына келесі өнім түрлерін ұсынылды: сиыр еті-8 тонна, жылқы еті-6 тонна, қой еті-16 тонна, сүт өнімдері-0,3 тонна, қауын-қарбыз-4,2 тонна, көкөніс және бау-бақша өнімдері-4,3 тонна.
Жәрмеңке өнімдерінің бағасы қала базарларына қарағанда 10-15%-ға төмен болды.