Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сарсембай Құсайын Іскендірұлының ауыл шаруашылығы саласының 8 айындағы дамуының қорытындысы және 2017 жылға қойылған міндеттер туралы баяндамасы

Өсімдік шаруашылығы:
Егіс құрылымы
Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдардың барлық егіс алқабы 2016 жылмен салыстырғанда 88,4 мың гектарға немесе 14% артық егіліп (567,6 мың гектар болды)656,0 мың гақұрады, оның ішінде дәнді дақылдар 389,9 мың га, майлы дақылдар 41,0 мың га, картоп 6,14 мың га, көкөніс 4,3 мың га, бақша 1,0 мың гажәне мал азығы дақылдары 213,6 мың га.
Әртараптандыру және суармалы жерлерді дамыту
істік алқаптарды ұлғайту бойынша соңғы үш жыл ішінде оң динамика орын алуда. Мәселен, 2015 жылы егіс алқабы 501,4 мың га құраса, 2016 жылы егіс алқабы 66,2 мың га ұлғайып, 567,6 мың га жеткізілді. 2017 жылы егіс жұмыстары 656,0 мың га жүргізіліп, жалпы үш жыл ішінде айналымға қосымша 154,6 мың га енгізіліп, өсім 31% құрады.
Сонымен қатар, егіс алқаптарын әртараптандыруға қатысты жұмыстар қатар жүргізілуде. 2015 жылы дәнді дақылдардың үлесі 62,5% құрап, 2017 жылы 59,4%дейін төмендеді,бұл реттемал азығы дақылдарының үлесі 28,8%-дан32,5% дейін ұлғайды.
Суармалы жерлерді айналымға енгізу бойынша да оң динамика байқалуда. 2015 жылы 11,9 мың га суармалы жерлер қолданыста болса, 2016 жылы айналымға қосымша 6,4 мың га енгізіліп, қолданыстағы суармалы жер алқабы 18,3 мың га жеткізілді. 2017 жылы қолданыстағы суармалы жер алқабы3,2 мың га немесе 18% ұлғайып, 21,5 мың га жеткізілді.
2015-2016 жылдар арасында жергілікті бюджеттен 383,9 млн. теңге бөлініп, 19,5 мың гектар (8942 га + 10646 га) үнемі суармалы жерлерге жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, 8,9 мың гектар суармалы жерлерге әзірленген жобалау-сметалық құжаттамаларына сәйкес қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы 10,6 мың га қосымша суармалы жерлерге жобалау-сметалық құжаттамалар әзірленіп, қазіргі уақытта республикалық меншікке беру жұмыстары жүргізіліп жатқанын назарыңызға саламыз.
Жоғарыда аталған алқаптарды 2020 жылға дейін іске қосып, жалпы қолданыстағы суармалы жер алқабын 40,0 мың га жеткізу бағытында жұмыстар жүргізіледі.
Егін жинау барысы туралы
Ағымдағы жылы «ҚазАгро» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниялары, оның ішінде «Агралық несие корпорациясы» АҚ несие серіктестіктер арқылы көктемгі-далалық және егінжинау жұмыстарын жүргізуге облыс шаруашылықтарына 648,0 млн. теңге көлеміндегі несие қаражаттары берілді.
Сондай-ақ, жылғы өсімдік шаруашылығын қолдау мақсатында жалпы облыс бойынша ағымдағы жылы 1 030,2 млн. теңге көлемінде субсидия төленді.
Көрсетілген көмектің арқасындаминералды тыңайтқыштарды қолдану артып, 1,7 мың тонна тыңайтқыштар ауыл шаруашылығы құрылымдарымен қолданылды, бұл 2016 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық.
Арам шөптерге қарсы күрес жүргізу жандандырылып, химиялық өңдеу жұмыстары 233,0 мың га алқапта жүргізілді.
Күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге облыс шаруашылықтарына 9,9 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді.(арзандатылған баға 124 тг/л, республика бойынша 130 тг/л). Бөлінген дизель отыны күзгі далалық жұмыстарын жүргізуге толықтай қамтамасыз етті.
Анықтама ретінде:ҚР АШМ тарапынан 2017 жылдың көктемгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті 8 800 тонна дизель отыны бөлінді. Арзандатылған баға 113 тг/л құрады.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралардың нәтижесінде бүгінгі күнге облыс бойынша егін жинау жұмыстары толығыменаяқталып, оң нәтиже көрсетуде.
Егін жинау жұмыстарының қорытындысы бойынша дәнді дақылдардың389,2 мың гақұрайтын алқабы100 %-ғашабылып(жоспар 389,2 мың га), 13,0 ц/га өнімділікпен 505,8 мың тонна астық жиналды.
Анықтама ретінде: бидай286,0 мың гаалқапта шабылып,386,5 мың тонна өнім жиналды,орташа өнімділік 13,5 ц/га құрады,арпаның84,8 мың гажиналды, 101,4 мың тонна өнім алынды (орташа өнімділік 12,0 ц/га),сұлы 1,9 мың га–1,5 мың тонна (7,9 ц/га),тары7,6мың га – 7,6 мың тонна (10,1 ц/га),құмай 2,3 мың га – 1,6 мың тонна (7,0 ц/га),бұршақ дақлыдары 0,5 мың га0,7 мың тонна(13,4 ц/га)және күздік дақылдар6,2 мың га – 6,5 мың тонна (10,4 ц/га).
Бұл ретте жоғары өнімділік Әйтеке би ауданы бойыншаорташамен 14,1 ц/га, Қарғалы ауданында13,2 ц/га, Хромтау ауданында12,7 ц/га және Мәртөк ауданында12,6 ц/га тіркелді.
Қазіргі уақытта майлы дақылдарды жинау жұмыстары жалғасуда. Ауа райы қолайлы болған жағдайда, майлы дақылдарды жинау жұмыстарының ағымдағы жылдың 20 қазанына дейін аяқталуы күтіледі.
Мал азығын дайындау
2017-2018 жылдар арасында мал азығының 1,5 жылдық қажеттілігі 2,1 млн. тонна құрайды. Бүгінгі күнге облыс шаруашылықтары 2,2 млн. тонна немесе қажеттіліктің 105,0% дайындады.
Казіргі кезде шөп дайындау және тасу жұмыстары жалғасуда.
Анықтама ретінде: шөптің бағасы орташамен 8 000-10 000 мың тг/тонна шамасында белгіленген (былтырғы жылдың деңгейінде).
Сонымен қатар, сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы құрылымдары сүрлем мен пішіндеме дайындауда.
Бүгінгі күнге, облыс бойынша 10,0 мың тонна сүрлем және 2,5 мың тонна пішіндеме дайындалды.
Мемлекеттік қолдау
Басқарма бойынша 2017 жылға 13 бағдарлама бойынша11,3 млрд.теңге субсидия бөлінді. Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2,5 млрд.тенге бюджеттік кредиттер, соның ішінде шағын қаржы ұйымдарының шығындарын субсидиялауға 35,3 млн.тенге бөлінді.
Мал шаруашылығын дамытуға 6 186,6 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 2 924,2 млн. теңгесі игерілді. Мал шаруашылығын дамытуға бағытталған субсидиялар ерекшелігіне байланысты жыл бойына игеріледі.
Өсімдік шаруашылығы бойынша 1 297,8 млн.теңге бөлініп, өсімдік шаруашылығын дамытуға және агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін қолдау мақсатында бөлінген субсидиялар жыл аяғына дейін игерілетін болады.
Сонымен қатар,агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыруға 311,5 млн.теңге бөлініп, толығымен игерілді.
Ауыл шаруашылығы субьектілерінің несие және лизингтік шартарының сыйақыларын субсидиялауға237,4 млн.теңге бөлініп, бүгінгі күні толық игерілді.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға – 3 282,9 млн. теңге бөлініп, қаржы жоспарына сәйкес, бүгінгі күні 1 323,2 млн. теңгесі игерілді.
Барлық бағдарламалар бойынша бөлінген қаражаттар жыл аяғына дейін толық игеріледі.
Бюджеттік кредиттеу нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 2 291,0 млн. теңге бөлініп, ауыл шаруашылық саласындағы 277 агроөнеркәсіп кешені субьектілеріне несие беру жоспарланып, нәтижесінде 496-на несие беріліп, бүгінгі күні толығымен игерілді.
Мал шаруашылығы
Статистикалық деректер бойынша өткен 2017 жылдың 8 айында облыста 2016 жылмен салыстырғанда:
ірі қара мал – 465,0 мың бас, немесе өсім 4,3% құрады,
қой-ешкі – 1 332,3 мың бас, 2,1%;
жылқы – 120,0 мың бас, 7,1%;
түйе – 17,1 мың бас, 2,0%;
құс1 558,6 мың бас, 18,0%.
Сондай ақ өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ет өндіру (тірілей салмақта) 5,9%, сүт өндіру – 2,8%, жұмыртқа – 7,8% өсті.
Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген жоспарлы индикативтік көрсеткіштері бойынша облысқа 2017 жылға 1 000 тонна ірі қара етін, 90 тонна қой етін экспорттау тапсырмасы берілді.
Ағымдағы жылдың 8 айында облыста барлығы 288,6 тонна ет және ет өнімдері, оның ішінде 16,3 тонна сиыр еті, 2,0 тонна жылқы еті, 37,8 тонна қой еті, 233,90 шошқа еті, 0,8 тонна құс еті және 4,3 тоннадан астам консерві өнімдері, 0,975 тонна шұжық өнімдері экспортталған.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту
Облыс бойынша 2017 жылдың басына асыл тұқымды ірі қара малының үлесі – 6,2% (24,1 мың бас), қой – 12,0% (110,4 мың бас),жылқы – 17,3% (18,3 мың бас) және шошқа – 76,6% (31,9 мың бас) құрады.
Республика бойынша бұл көрсеткіштер: асыл тұқымды ІҚМ үлесі – 10,6%, қой – 15,1%, жылқы – 7,9%, шошқа – 25,4%.
Асыл тұқымды мал үлесін арттыру мақсатында аудандарға асыл тұқымды ауыл шаруашылығы малдарын сатып алуға тапсырмалар берілді. Тапсырмаларға сәйкес облыс бойынша 5 000 бас ІҚМ, 7 000 бас қой және 600 бас жылқы сатып алуымыз қажет. Бүгінгі күні шаруашылықтармен 8 593 бас ІҚМ (1,7 есе артық), 2623 бас қой (38,5%) және 367 бас асыл тұқымды жылқы (61,2%) сатып алынды. Оның ішінде 4000 бастан астам ІҚМ Ресей Федерациясынан әкелінді.
Жалпы мал шаруашылығын мемлекеттік қолдау ретінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 9 айдың қортындысы бойынша 2 924,3 млн.теңгесубсидия төленді.
Облыста бір мезгілде 23 700 бас бордақыланатын, оның ішінде 21 000 басқа арналған 1-деңгейдегі ірі қара малын бордақылау алаңдары жұмыс жасап тұр.
Облыс бойынша мал бордақылау алаңдарына жыл бойына 24,0 мың бас бұқашықтар тапсырылуы тиіс. Қазір бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізілуде.
Шалғай жайылымдарды игеріп, қой шаруашылығын дамыту
Шалғай жайылымдағы мал шаруашылығын дамыту үшін бірінші кезекте оның инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары қолға алынып, соңғы жылдарда су көзімен қамтамасыз ету үшін облыста 120 ұңғымалықұдықтар қазылды, биыл жыл басынан 50 құдық пайдалануға берілді. Құдық қаздырған шаруашылықтардың жұмсаған шығындарының 80%-ы инвестициялық субсидиялар ретінде өтелуде. Бұл мақсатқа жыл басынан жергілікті бюжеттен – 90,0 млн.теңге қаржы бөлінді.
«Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» бағдарламаларының орындалу барысы
Мал шаруашылығы саласын дамытуға арналған «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша жыл сайын белгіленген жоспар артығымен орындалып келді. Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарламасымен облыс бойынша 1 615 басқа несие беріліп, тапсырма78,8% құрады. «Алтын асық» бағдарламасы бойынша – 842 бас қой сатып алуға несие берілді немесе тапсырма 28,1%, «Құлан» бағдарламасы бойынша – 251 бас жылқы сатып алуға несие берілді немесе тапсырма 50,2% орындалып отыр.
Анықтама үшін:Аталған бағдарламалар бойынша 2011 жылдан бастап 24,0 мыңнан астам мүйізді ірі қара, 24,0 мың қой және 4,5мыңнан астам жылқы сатып алуға 7,0 млрд. теңге көлемінде несие берілді. Соңғы 3 жылда «Ырыс» бағдарламасы арқылы шағын 10 тауарлы сүт фермалары іске қосылды.
Дәстүрлі емес шаруашылықтар құру барысы
Облыста шаруашылықтың дәстүрлі емес салаларын дамытуға берілген хаттамалық тапсырмаға сәйкес облыс әкімінің өкімімен жұмыс тобы құрылып, салаларды дамыту мақсатында іс-шаралар жоспары жасалды.
Сонымен қатар, аз дамыған шаруашылықтардың өндірген өнімдеріне мониторинг жасау мақсатында аталған салалар бойынша мәліметті округтердегі шаруашылық кітаптарына жыл соңына дейін енгізілуін қадағалау, шаруашылықтардың мал саны мен өнімі туралы статистикалық есептің уақытылы тапсырылуы жөніндегі аудандарға тапсырмалар берілді.
Қазіргі таңда аудандарда жылдық есепке кірістелінуін бақылауға алу жұмыстары жүргізілуде.
Шаруашылықтың аталған бағыттарының қазіргі даму барысына жасалған талдау келесілерді көрсетіп отыр.
Облыста бүгінгі күні сүтті бағыттағы ешкі өсірумен –24, бал арасы – 8, оның ішінде 17 кәсіпкерді біріктірген АШК бар, үй қояны – 87, бөдене – 44 жеке кәсіпкер, қаз өсірумен – 430, үйрек бағумен – 290, күрке тауық өсірумен 31 аула, барлығы – 911 шаруашылық айналысуда. Бұл шаруашылықтар мен жеке кәсіпкерлерде жануарлардың барлық түрлері жыл сайын 10-15 пайызға көбейіп келе жатқаны байқалады.
Шаруашылықтар орта есеппен жылына 124,2 тонна ешкі сүтін, 16 тонна ара балын, 3,6 млн.дана бөдене жұмыртқасын және 4,7 тонна қоян етін өндіріп, өнімдерін облыс базарларына, сауда нүктелеріне шығарып сатып келеді.
Ешкі сүтін орталықтандырылған түрде «Шекшек ата» АШК-де, бөдене жұмыртқасы «Абрямян» ЖК және бал арасы «Ақтөбе омарташылары» АШК өңделіп, қайта өңдеу жұмыстары атқарылуда.
Дәстүрлі емес шаруашылықтардың осы түрлеріне мемлекеттік қолдау қарастырылды. Атап айтқанда:
А) ешкі сүтіне – 60 теңге;
Б) сатып алған асыл тұқымды ешкі үшін – 40 000 теңге;
В) бал арасының селекциялық жұмыстары үшін – 20 000 теңге;
Г) бөдене жұмыртқасы үшін – 3 теңге қарастырылған.
Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту бойынша
Биылғы жылы облыс көлемінде 2,5 мың үй шаруашылықтарын кооперативтерге тартуды ұйымдастыру жоспарланса, бүгінгі күнге 171 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрамына 4,0мың үй шаруашылықтары, 108 фермерлік қожалықтар, 30 заңды тұлға бірікті (95 - етті бағытта, 19 - сүтті бағытта, 5 - дәстүрлі емес сала бойынша, 5 - көкөніс егумен, 47 - аралас бағытта).
Кооперативтер бүгінгі күнге дейін 800 тонна ет, 1 750тонна сүт, 168 тонна көкөніс, 153 тонна өзге де өнімдер өндіріп отыр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан 2017 жылы жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша облысқа - 2,3 млрд. теңге («Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы – 1,4 млрд. теңге, «Аграрлық несие корпорациясы арқылы» АҚ арқылы – 0,9 млн. теңге) қаражат бөлініп, қазіргі таңда 100% игерілді. Бөлінген қаражат арқылы –411кооператив мүшелері несиеленді.
Нәтижесінде индикативтік тапсырмаға сәйкес кооператив –280%(жоспар-26, орындалғаны-73), сүт қабылдайтын пункті – 117%(жоспар-18, орындалғаны-21), сүт таситын автокөлік – 175%(жоспар-8, орындалғаны-14), ет таситын автокөліктер – 220%(жоспар-5, орындалғаны-11), мал сою бекеттері – 571%(жоспар-7, орындалғаны-40) орындалды. Жаңа 624 жұмыс орны ашылып, жоспар 1,5 есеге артық орындалды (жоспар 416 жұмыс орны).
Сонымен бірге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ жарғылық капиталынан 11 638 басқа арналған жанұялық мал бордақылау алаңдарын құру мақсатында 2,3 млрд. теңге қаражат бөлініп, - 108% (2,4 млрд. теңге) игерілді. Бүгінгі күнге 78 кооператив және оның 607мүшелерінен өтініш қабылданып, 8 619басқа арналған бордақылау алаңдары құрылып, индикатив – 74% орындалды. Жаңадан 384 жұмыс орны ашылды (жоспар 373 жұмыс орны).
Ағымдағы жылы құрылған 73 кооперативтің 52-сі немесе 71% жабдықтармен толық қамтамасыз етілді.
Аталған жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.
Қайта өңдеу саласы бойынша.
Облыста ет өнімдерін өңдейтін12 кәсіпорын жұмыс жасауда, олардың жалпы жылдық қуаттылығы 22,3 мың тонна. 2016 жылы кәсіпорындарда 15,9 мың тонна ет өнімдері өндіріліп, жылдық қуаттылықтарының жүктелімі71,3%-ды құрады. Ағымдағы жылдың 8 айында ет бағытында құрылған кооперативтер арқылы қосымша 800 тонна ет өндіріліп, кәсіпорындардың жүктелімі88,2 % жетті.
Бүгінгі күнде сүт өнімдерін өңдейтін5 сүт зауытыжұмыс жасауда, олардың жалпы жылдық қуаттылығы 76,7 мың тонна. 2016 жылдың қорытындысы бойынша өндірілген сүт өнімдерінің көлемі 33,9 мың тоннаны құрап, қуаттылықтарының жүктелімі44,2% жетті. Сүт өндіретін кооперативтердің сүт зауыттарына тапсырған 1 750 тонна өнімі арқылы кәсіпорынның 8 айдағы жүктелімі48,8% жеткізілді.