Облыс бойынша машина-трактор паркінің жаңаруы

Облыс көлемінде машина-трактор паркін жаңарту мәселесі бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Машина-трактор паркінің дайындығы және жаңаруы ауыл шаруашылығы жұмыстарының, оның ішінде көктемгі және күзгі далалық, мал азығын дайындау жұмыстарының агротехникалық мерзімде аяқталуына әсер ететін факторлардың бірі.
Есепті мерзімі аралығында облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдарымен 300 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Оның ішінде 8 егін ору комбайндары, 78 трактор, 3 егіс кешені, 12 дана жер жөңдейтін техника, 55 шөп престегіш, 38 шөп шабатын машина және 106 дана өзге де ауыл шаруашылығы техникалары.
Сонымен бірге тозығы жеткен ауыл шаруашылығы техникаларын жарамсыздығына байланысты есептен шығару жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы 610 дана техника, оның ішінде 251 егін ору комбайндары, 285 трактор, 74 дана өзге де ауыл шаруашылығы техникалары жарамсыздығына байланысты есептен шығарылды.
Аталмыш бағыттар бойынша жұмыстар жалғастырылуда.