Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі.

Ағымдағы жылдың 7 қазан айында «Табыс» коммуналдық базарында «Туған жерім – нұрлы елім!» атты Ақтөбе облысы аудандарының күндері акциясының аясында Алға ауданының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіледі. Жәрмеңкеге Алға ауданының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер және қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Ақтөбе қаласының тұрғындарын аталған жәрмеңкеге қатысуға және қажетті ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға шақырамыз.