Техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсету және механизация бойынша жұмыстар

АҚ Ақтөбе филиалы «Е-Лицензиялау» базасы бойынша жауапты қызметкерлердің қатысуымен, техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын жетілдіру, машина-трактор паркін жаңарту және жарамсыз техникаларды есептен шығару мәселесі бойынша жиналыс өткізілді. Жиналыста облыстық басқарма және барлық аудандық (қала) ауыл шаруашылығы бөлімдері техникалық инспекция саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын жүргізіп жатқандығын және мемлекеттік қызмет көрсетуде тек стандарттар мен регламенттерге сәйкес жұмыстар атқару қажеттігі ескертілді.
Сондай-ақ қызметтер түрін www.e.gov.kz «электрондық үкімет» порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталында электрондық түрде қабылдау жүргізілуде. Электронды түрде қызмет көрсетуге қатысты туындаған сұрақтар бойынша, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары және облыс аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелерін үйлестіру бөлімінің маманы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен бірге аудандық инженер-инспекторларға ауыл шаруашылығы техникаларын жарамсыздығына байланысты есептен шығару жұмыстарын қолға алып, ауылдық округ әкімдерімен, шаруашылық басшыларымен бірлесе отырып жұмыстар жүргізу жөнінде тапсырмалар берілді.