Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау бойынша өтінімдерді қабылдау туралы хабарлама

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы «Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау» бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталғандығын хабарлайды.
Субсидия алушылардың тізіміне қосу үшін өңдеуші кәсіпорындар Басқармаға бірінші басшы немесе өтінімге қол қою құқығына тиісті түрде ресімделген сенімхаты бар адам қол қойған, өтінім берушінің мөрімен бекітілген осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді ұсынады, оған мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) заңды тұлғаны, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың түпнұсқасы (тіркеуші органның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат) немесе куәліктің көшірмесі;
2) кәсіпорынның тереңдете өңдеп өнімді өндіргені және тиеп-жөнелткені туралы статистика органының құжатты қабылданғаны туралы белгісі бар есептерінің көшірмелері немесе тереңдете өндеп өнім өндіргенін растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (өнімді қоймаға қабылдау туралы қоймалық жүкқұжат, аталған өнімнің кіріске алынғанын көрсете отырып, бухгалтерлік теңгерім) көшірмелері;
3) тереңдете өңдеп өнім шығару үшін пайдаланылған ауылшаруашылық өнімін сатып алғанын растайтын құжаттар - өңдеп өнім өндіру үшін пайдаланылған шикізатты сатып алғанын растайтын, кәсіпорын мөрімен расталған құжаттар (шарт, шот-фактура, сатып алу актісі және сатып алынған шикізаттың төлінгенін растайтын құжаттар) көшірмелері;
4) өңдеуші кәсіпорынның банктік шотының бары туралы банктен немесе Ұлттық почта операторынан анықтама;
5) есепті кезеңде бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігін бағалау үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат.
«Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдетеөңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау»тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 бұйрығымен бекітілген
Өтінімдер «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ 2017 жылдың 15 қазанына дейін (қоса алғанда) қабылданады, мекен - жай: Ақтөбе қ., Әбілхайр-хан даңғылы 40, 512 бөлме. Анықтама телефоны: 8 (7132) 54 69 08, факс: 8 (7132) 56 05 25.
Өндеуші кәсіпорындардыңауылшаруашылық өнімін тереңдетеөңдеп өнім өндіруі үшін оны сатыпалу шығындарын субсидиялауқағидаларына2-қосымша
Өтінім
_____________________________________________________________________
(өңдеуші кәсіпорынның атауы)
"Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп
өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау" бюджеттік
бағдарламасын іске асыруға қатысуға ниет білдіреді.
1. Бағдарламаға қатысушы туралы ақпарат:
толық атауы _________________________________________________________
заңды мекенжайы _____________________________________________________
нақты мекенжайы, телефоны, факс, электрондық мекенжайы ______________
банктік деректемелері _______________________________________________
бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қызметтік
телефоны ____________________________________________________________
ЭҚТЖ бойынша негізгі қызмет түрі ____________________________________
қызметкерлердің нақты саны __________________________________________
кәсіпорынның қуаты жылына _____ тонна (шикізат және/немесе дайын өнім бойынша көрсету).
2. Тереңдете өңделген өнімдердің көлемі (есепті кезең бойынша):
1. __________________ - ______ кг.
2. __________________ - ______ кг.
3. __________________ - ______ кг.
4. __________________ - ______ кг.
3. Тереңдете өңделген өнімдер өндіру үшін пайдаланылған
ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу көлемі:
1. __________________ - ______ кг.
2. __________________ - ______ кг.
3. __________________ - ______ кг.
4. __________________ - ______ кг.
Ауылшаруашылық өнімін сатып алу және тереңдете өңдеу өнімдерін
өндіру көлемдерін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Ұсынылған ақпараттың шынайылығын растаймын.
____________________________________ ____________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Мөр орны (қолы, күні)
Өндеуші кәсіпорындардыңауылшаруашылық өнімін тереңдетеөңдеп өнім өндіруі үшін оны сатыпалу шығындарын субсидиялауқағидаларына3-қосымша
Бюджеттік бағдарламаны іске асырудың тиімділігі туралы ақпарат
Кәсіпорындардың атауы, мекен-жайы телефоны
ЖСН БСН
Кәсіпорынның дайын өнім бойынша жобалық қуаты, жылына тонна
Бөлінген субсидиялар, мың теңге*
Өткен жылы тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна
Есепті кезең ішінде тереңдете өңдеп өндірілген өнім көлемі, тонна
Өткен жылдың жүктемесі, %
Есепті кезеңдегі жүктемесі, %
1
2
3
4
5
6
7
8
Ескертпе: * өңдеуші кәсіпорындар бірінші рет өтінім бергенде 4-баған толтырылмайды