«Табыс» коммуналдық базарында Ойыл ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жөнінде ақпарат

Ү.ж. 9 желтоқсанында «Табыс» коммуналдық базарында Ойыл ауданы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге ауданның 7 ауылдық округтерінен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері және ауыл шаруашылығы кооперативтері мен шаруа қожалықтары 2,0 тоннадан астам сиыр етін, 1,0 тоннаға жуық жылқы еті, 500 кг қой етін, 100 кг тары-талқан, 40 кг құртмай, 40 кг қымыз бен шұбат әкелініп, қала базарларына қарағанда 10-15%-ға төмен бағамен сатылды.