Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні!

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ Конституциялық құқықтарды қорғау және азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне сенімін жоғарылату мақсатында 2018 жылдың 11 қаңтарында «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні» өткізіледі.
Азаматтардың осы уақыт аралығында басқарма қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне немесе сыбайлас жемқорлық көріністері бар фактілерімен жолыққан жағдайда немесе басқарма құзырына жататын сұрақтар бойынша сыбайлас жемқорлық туғызатын құқық бұзушылықтарға және заңсыз әрекеттеріне немесе басқарма құзырына кіретін мемлекеттік орган қабылдаған шешімдерге өз арыз-шағымдарына қатысты шағымдарымен жүгінуіне болады.
Қабылдау мына мекен-жай бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, 503-кабинетте жүргізіледі немесе 56-84-67 телефонына қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.
Сенім телефоны – 54-15-54.