2017 жыл қортындысымен астық қабылдаушы кәсіпорындарымен атқарылған жұмысы туралы cеминар-кеңес өткізілді

Облыс әкімі орынбасарымен бекітілген ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясының жергілікті атқарушы органдарымен біріккен жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 17 қаңтарында аумақтық инспекцияда семинар-кеңес өткізілді.
Семинарға «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ басшысы, ауыл шаруашылығы басқармасының астық және тұқым инспекциясы бөлімінің мамандары және астық қабылдау кәсіпорындарынан қызметкерлері қатысты.
Облыстық аумақтық мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы А.Ситмухаметова облыстағы астық қолхаттарын шығара отырып, қойма қызметін көрсетіп отырған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарымен 2017 жылы бірігіп атқарған жұмыстарына тоқталып өтті.
«Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің басшысы Ж.Сапарова астық қабылдау кәсіпорындарының «Есептілікті тапсырудың біріңғай жүйесі» бағдарламасына ұсынылатын электрондық есептерінің уақытылы, сапалы жүргізілуі және астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізуде туындаған мәселелер туралы түсіндірді.
Басқарманың бөлім басшысы Г.Байдуллина ҚР АШМ 2015 жылғы 26 масуымдағы №4-1/573 бұйрығымен бекітілген «Астық сақтау қағидаларын бекіту туралы» Ережесіне сәйкес, астықты қыс мезгілінде сақтау жағдайына көшіру жөніндегі шаралардың уақытылы жүзеге асырылуы және ҚР «Астық туралы» заң талаптарының орындалуы туралы түсініктеме мәлімдеді. Семинар-кеңес барысында қойылған сұрақтарға жауап берілді және қортындылап мынадай ұсыныстар енгізді:
1. Астық қабылдау кәсіпорындары беретін есептерін уақытында, кешіктірмей сапалы беру және 2018 жылдың 1 ақпанына дейін 2 астық қабылдаушы кәсіпорын («Ақ-Бидай 2000» ЖШС, «Даут-М» ЖШС) қолдау мерзімі өтіп кеткен, бүлінген және пайдаланылмаған қағаз нұсқадағы астық қолхаттарын қажетті түрде комиссия өкілдерінің қатысуымен жою қажет.
2. Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміндегі рейтінгілерінің жоғарылауы үшін астық қабылдау кәсіпорындары «Астық сақтау қоймаларына сенімділік рейтінгін анықтау және тағайындау әдістемесіне» сәйкес көрсеткіштерін толық шығарылуы қажет.
3. Жылмажыл өткізілетін жаңа астық қабылдауға дайындық жұмыстарын біліктілік талаптарға сәйкес алдын-ала жүргізілсін.