Машина-трактор паркін жаңарту және цифрлық технологияларды қолдану жөніндегі семинар

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарында ауыл шаруашылығына жұмыстарына кеңінен қолданылатын К-700 маркалы тракторларын күрделі жөндеуден өткізу, басқа да отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы агрегаттарын жасап шығару және ауыл шаруашылығы саласында цифрлық технологияларды қолдануға қатысты семинар өтті.
Семинар басқарма басшысы Қ.Сарсембайдың төрағалығымен, сонымен қатар аудандық (Ақтөбе қ.) ауыл шаруашылығы бөлімдері, облыстың ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, қаржы институттары, «Спецтехника KZ» мен «UAV center» сервистік орталалықтары өкілдерінің қатысуымен өтті.
«Спецтехника KZ» сервистік орталығының құрылтайшысы А.В.Котелевец орталықтың мақсаты, қызметі, соның ішінде К-700 маркалы тракторына көрсететін қызметтері жөнінде толық ақпарат берді. Сонымен қатар, АШТӨ тарапынан нақты сұраныс болған жағдайда, отандық өндірістегі ауыл шаруашылығы агрегаттарын жасап шығаруға ниетті екендігін жеткізді.
Басқарма басшысы ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларына «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы отандық өндірістен шығарылатын аспалы техникалар, тіркемелер және т.б. техникаларды сатып алуға 5,5% жылдық сыйақымен несие берілетіндігі және жаңа техника сатып алғаны үшін мемлекет тарапынан субсидия төленетіндігі туралы тағы да еске салды.
Ал, «UAV center» орталығының коммерциялық директоры С.Г.Беккер егін шаруашылығы мен мал шаруашылығында ұшқышсыз ұшатын аппаратты пайдаланудың артықшылықтарымен таныстырды.
Семинар қорытындысы бойынша аудандық (Ақтөбе қ.) ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшыларына тапсырмалар берілді.