Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары– ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді.

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаев ауыл шаруашылығы министрінің басшысын ауыл шаруашылығының бірқатар нысандарымен және өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің дамуымен таныстырды. Жұмыс сапарының алғашқы күні ресми делегация Мәртөк ауданының Саржансай ауылында орналасқан «Айс» ЖШС сүт-тауарлы фермасында болды.Өмірзақ Шөкеевке мал шаруашылығы корпустары, мал азығын сүрлейтін шұңқырлар, сүт цехы көрсетіліп, сонымен қатар, өндірістік процесстерді цифрландыру мен кәсіпорынды кеңейту келешегі таныстырылды.Ауыл шаруашылығы министрі 30 қаңтар, сейсенбі күні қарап шыққан тағы бір нысан — 2017 жылдың сәуір айында пайдалануға берілген «Грин Хаус Қазақстан» ЖШС жылыжай кешені. Кешен құны - 5, 74 млрд. теңге. Өндірістік қуаты — жылына 6 000 тонна томат езіндісі.Бүгінде жылыжай 9,5 гектар аумақты алып жатыр. Бұл өсімдіктердің тиімді өсуі үшін бірегей микроклимат жасауға мүмкіндік беретін ультра-климнің ең жаңа технологиясы қоладынылған, жартылай жабық типті, бесінші буынның голландтық кешені.Ертең делегация Ақтөбе ет кластерінде болып, агрокластердің дамуымен танысады. Осы сұрақтар облыс әкімінің орынбасарлары мен республиканың барлық жерінен келетін ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары қатысатын жиында талқыланбақ.