Ақтөбе облысы бойынша қолайсыз ауа райы мен фитосанитарлық жағдайда картоп дақылдарын өндіру семинарының өткізілуі туралы

2018 жылдың 2 ақпанында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Абдуллин Мавр Ерғалиұлының төрағалығымен «Ақтөбе облысы бойынша қолайсыз ауа райы мен фитосанитарлық жағдайда картоп дақылдарын өндіру» тақырыбында семинар жиналыс өткізілді.
Өткізілген жиналысқа облыстың картоп дақылдарын өндірумен айналысатын шаруашылық басшылары, ауыл шаруашылық бөлім басшылары, өсімдікті қорғау қызметінің мамандары, Ақтөбе облыстық инспектурасы, «Республиканың өсімдікті қорғау орталығы және облыстық тұқым зертханасы» филиалының меңгерушілері қатысты.
Жиналыста Ресей Федерациясының картоп өсіруші ғалымдары, "Байер Каз" ЖШС және "Әлем Агро" ЖШС өңірлік өкілдері төменгідей сұрақтарды талқылады:
- 2017 жылғы егін жинау қорытындысымен, картоп дақылын өндірудегі көрсетілген мемлекеттік қолдаулар;
- картоп дақылдарының сапасы мен өнімділігінің жоғарлату өсімінің қоры, картоп дақылында дитиленхоздың пайда болуы мен Ақтөбе облысы жағдайындағы оған қарсы күрес жүргізу;
Сапалы тұқымдардың бейімделуі мен әр түрлі дақыл ауруларынан сақтау, картоп дақылдарының қуаңшылық зонада өзіндік сипаты, түйнектерін дәрілеу маңызы туралы айтылды.
Аталған семинар жиналыста слайдтар көрсетіліп, әр түрлі маңызды материалдар таратылды, аудандастырылған картоп дақылдарының түрлері мен түйнек ауруына шалдыққан картоп дақылдары көрмесі ұйымдастырылды.
Семинар - жиналыс өте жоғары, ғылыми деңгейде өткізілді, шаруашылық басшылары картоп дақылдарын өндіруде өте маңызды тәжірибелік мәліметтер алып, өз ойларымен бөлісті.