Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ
құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімінің Ережесі
1. Жалпы ережелер
1.Құқықтық жұмыс және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясымен, Қазақстан Республикасы заңдарына, Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес орындайды.
3. Бөлімнің штат саны Басқарма басшысының бұйрығымен белгіленеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
4. Міндеттері:
1) ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, ҚР Үкіметінің қаулыларын, ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің бақылауға жататын тапсырмаларын, облыс әкімі және әкімдігінің актілерін орындау.
2) Басқарманың норма шығармашылық қызметінің сапасын көтеруі.
3) Мемлекеттік салалық және өңірлік бағдарламаларды, сонымен бірге іс-шаралар жоспарларын жүзеге асыру.
4) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және қол жетімділігін қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу.
5) Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ашықтығын және айқындығын қамтамасыз ету.
5. Функциялары:
1)Ақтөбе облысының аумағында агроөнеркәсіп кешені саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бірыңғай және дәл қолдануын қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмін жасақтау, олардың уақытылы іске асырылуын бақылау.
2)АӨК саласында нормативтік-құқықтық актілер мен құқықтық құжаттарды дайындауға қатысу.
3) АӨК саласында нормативтік құқықтық және құқықтық актілерінің мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету.
4) Құқық бұзушылықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен күрес шараларын әзірлеуге қатысу.
5) Мемлекеттік қызметтер регламенттерін әзірлеуге қатысу.
6) Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну.
7) Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын қолданылатын заңнамаға сәйкес белгіленген мерзімдерде қарау және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету.
8) Көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар ету.
9) Көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану.
10) Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізу.
11) Мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыру.
12) Мемлекеттік сатып алу үшін құқықтық сараптама рәсімдерін жүзеге асыру.
13) Облыстық агроқұрылымдарына құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру.
14) Басқарма қызметкерлеріне өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезінде заңды қызметті қамтамасыз ету үшін құқықтық көмек көрсету.
15) Басқарма құзырына кіретін мәселелер бойынша сот органдарымен, салық органдарымен, прокуратура және басқа мемлекеттік органдармен тиімді қарым-қатынасты ұйымдастыру.
16) Қолданыстағы заңдарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін (өз құзыреті шегінде) қарау.
17) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін,басқарма мүддесіндегі өзге өкілеттіктерді қамтамасыз ету.
6. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
Бөлімнің құқықтары:
1) Оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға.
2) Өкілеттік шегінде мәселелер қарап, олар бойынша шешім қабылдауға қатысу, олардың орындалуын тиісті бөлімдермен лауазымды адамдардан талап етуге.
3) Белгіленген тәртіп бойынша лауазымдық міндетін орындау үшін қажетті ақпараттар мен материалдар алуға.
4) Басқарма басшысының келісімімен жүктелген міндеттерді орындау үшін басқа құрылымдық бөлімшелерден мамандарды тарту.
5) Құқықтық бағалауы қажет болған сұрақтар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беру.
6) Осы Ереженің 5 тармағындағы функцияларды орындау үшін басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
Бөлімнің міндеттері:
1) Өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтау.
2) Өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізу;
3) Еңбек және қызмет тәртібін сақтау.
4) Өрт және қауіпсіздік техникасын сақтау.
5) Осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзгеде міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
3. Бөлім қызметін ұйымдастыру
7. Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.Бөлім жұмысын басқару бірегей түсіністік ұстанымға, өздеріне жүктелінген тапсырмалар мен міндеттерді орындаудағы әрбір маманның жеке жауапкершілігіне, алынған тапсырманы дұрыс және жауапкершілікпен орындауға негізделген.
8. Бөлімді басқарма басшысы тағайындайтын және босататын бөлім басшысы басқарады.
9. Бөлім басшысының өкілеттігі:
1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды, бөледі, функционалдық міндеттеріне сәйкес жұмыс регламентін сақтауды қадағалайды.
2) Бөлім қызметкерлерін көтермелеуге және тәртіптік жаза қолдануға басшыға ұсыныс жасайды.
3) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
4) Заңнамаларға сәйкес басқа да өкілетті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.
10. Бөлім басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалған орындаушы тұлға жүзеге асырылады.