Ауыл шаруашылығын механикаландыру және цифрландыру бөлімі

Механизация бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ереже
1. Механизация бөлімі «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Құрылымдық бөлімше өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Құрылымдық бөлімшенің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
2. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары
Бөлімнің міндеттері:
1. Мынадай:
- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің ауыл шаруашылығы техникасын және технологиялық жабдықтарының лизингке алу;
- машина-трактор паркін және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңарту шараларын ұйымдастыру;
1. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
2. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қажеттілігіне қарай жанар-жағар маймен қамтамасыз ету.
Бөлімнің функциялары:
- Машина–трактор паркін жетілдіруге және болашақта механикаландыру деңгейін көтеру, ескірген ауыл шаруашылығы машиналарын жаңа әрі сапалы түрлеріне алмастыруға ықпал етіп, талдау жүргізу;
- Көктемгі және күзгі далалық жұмыстарына дизель отынының қажеттілігін анықтап және технологиялық карта бойынша жылдық есебін шығару;
- Машина-трактор станциялары (сервис-орталықтары) желілерін дамытуға ықпал етеді;
- Ауыл шаруашылығы техникаларының есебін жүргізіп, машина-трактор паркі мен технологиялық жабдықтарды жаңарту саясатын жүзеге асыруға және лизинг арқылы алуына ықпал етеді;
- Ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарға, қосалқы бөлшектерге, жанар-жағар майға қажеттілікті анықтайды және оны алуға көмектеседі, қолда бары туралы мәліметтерді жинақтайды;
- Ауыл шаруашылық техникаларының көктемгі және күзгі далалық жұмыстарына дайындығы туралы ақпараттар жинақтауды ұйымдастырып, жоғары органдарға белгіленген мерзім аралығында жолдап отыру;
- Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы техникалық инспекцияны жүзеге асырады. Оның ішінде тракторларға және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелеріне, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдеріне, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды (ары қарай – машиналар) жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктерді беру қағидалары мен стандарттарын басшылыққа ала отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету әрекеттерін жүзеге асырады;
- Құзырлы органдар тарапынан келіп түскен сұраныс хаттар, тыйым салу қаулылары мен шектеу қою туралы шешімдерге уақытында жауабын беру және тыйым салынған, шектеу қойылған, кепілде тұрған машиналардың есептен шығып кетпеуін бақылап отыру;
- Техникалық инспекция жұмысына қажетті қатаң есептегі арнайы өнімдердің есебін жүргізу және аудандық (қалалық) ауылшаруашылығы бөлімдерінің сұраныстарына орай таратып беру;
- Аудандық және қалалық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің инженер-инспекторларына мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қателіктерге жол бермеу мақсатында практикалық көмек көрсету;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша Агроөнеркәсіп кешені саласында үгіт-насихат жұмыстарын атқару;
- Жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда қаржы институттарымен («Ақтөбе-Агросервис» ЖШС) бірлесіп қаржы-экономикалық негіздемесін жасау;
- «Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін есепке алу және тіркеу» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша қаржыландыру жоспарын жасайды;
- Ақпараттық технологияларды енгізу бойынша шаралар қабылдау;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларында көзделген басқа да міндеттерді атқару.
Құқығы мен міндеттері
- Бөлім қызметкерлері өзінің міндеттерін орындауы үшін тиісті материалдық-техникалық қамтамасыздықты талап етуге;
- Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының келісімі бойынша техникалық кеңестің қарауына функционалдық міндеттерден туындайтын маңызды мәселелерді шешуге ұсыныс жасауға;
- Аудандар мен Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығымен шұғылданатын атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
- Ауыл шаруашылығы басқармасына қажетті мәліметтерді мемлекеттік облыстық, аудандық басқармалар мен бөлімдерден кедергісіз алып отыруға;
- Оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;
- Жұмыс жоспарын сапалы және белгіленген мерзімінде орындау;
- Өрт және қауіпсіздік ережесін сақтау;
- Еңбек және қызметтік ережесін сақтау.
3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру
- Бөлімді Басқарма басшысы тағайындайтын (босататын) бөлім басшысы басқарады;
- Бөлім басшысы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді;
- Бөлім басшысы Басқарма басшысына бөлімнің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді;
- Бөлім басшысы бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттеріне қарай жұмысты ұйымдастырады, үйлестіреді;
- Бөлім басшысы жұмыс регламентін сақтауды қадағалайды;
- Бөлімде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану шараларын қабылдайды;
- Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған іс-шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың қабылдануына дербес жауап береді;
- Бөлім басшысы болмаған кезде, оның өкілеттіктерін Басқарма басшысының бұйрығымен тағайындалған орындаушы тұлға жүзеге асырады;
- Бөлімнің атқаратын қызметіне жетекшілік етуді облыстық басқарманың егіншілік жөніндегі орынбасары жүргізеді.