Маркетинг және инвестиция бөлімі

Маркетинг және инвестиция бөлімі
сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, ішкі және сыртқы нарықтарды агроөнеркәсіп кешенінің өнімдерінің өткізу нарығын кеңейтуге ықпал ету; өндіретін өнімдер бойынша аймақтық көрмелер мен жәрмеңкелерді ұйымдастыру;
агроөнеркәсіп кешен өнімдерін сату бойынша көтерме сауда базарларын ұйымдастыру;
агроөнеркәсіп кешен өнімдерінің бағаларына және нарығына, азық-түлік қауіпсіздігіне мониторинг жүргізу және әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;
өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлейді және іске асыру;
өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту жөніндегі шешімдердің жобаларын дайындау;
Бюджеттік бағдармалар, өтінімдер, агроөнеркәсіп кешені бағдарламасын дамыту есебін орындау облыстық бюджет қаражат есебінен әзірлейді және оның ағымдағы және үш жылға белгіленген бюджеттің орындалуын ұйымдастыру.
азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;
ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;
бәсекеге қабілетті өндірістерді құру және дамыту, оларды жаңарту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне ауыстыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі шаралар әзірлеу;
отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайтуына мониторингі жүргізу;
азық-түлік тауарлары өндірісінің көлеміне, олардың тауар қозғалысына және қорларының болуына мониторингі жүргізу;
қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдеу өнімдері өндірісі үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға кеткен шығындарын субсидиялау;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосалқы құн салығы шегінде бюджетке төленген қосалқы құн салығы сомасын субсидиялау;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру