Қаржы бөлімі

Қаржы бөлімі
1) агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
2) мемлекеттік агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен механизмдерін агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне түсіндіру жұмыстарын үйлестіру;
3) салалық бөлімдермен бірлесіп, облыстық және республикалық бюджет қаражат есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламалары бойынша бюджеттік өтінімдерді жасау және оның ағымдағы және үш жылдықта орындалуын ұйымдастыру;
4) бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыру мен есепті қалыптастыру;
5) әкімшісі Басқарма болатын барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдер мен міндеттемелерге сәйкес жеке қаржыландыру жоспарын жасайды;
6) Бюджеттік бағдарламалар бойынша қаражаттардың мақсатты жұмсалып игерілуіне бақылау жүргізу;
7) еңбек ақыны есептеу, жолсапар есептерін, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтарын жасақтау және оларды қызметкерлердің картшоттарына аудару, салықтарды, зейнеткерлік, және әлеуметтік аударым жарналарын аудару, қызмет көрсетушілермен тауар жеткізушілермен есептесу;
8) басқарма облыс әкімдігінің басқару құқығы бар уәкілетті органы болып табылатын кәсіпорындардың қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тоқсандық, (жылдық) бухгалтерлік есеп-қисабын қабылдау;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес уақытылы есеп-қисапты жинап жиынтықтау;
10) бухгалтерлік, қаржылық, салық және статистика есептерін уақытылы жинақтап оларды уәкілетті органдарға тапсыру;
11) тауарлы-материалдық құндылықтардың түсуін, істен шығуын уақытылы бухгалтерлік есеп тіркелімінде көрсету;
12) активтермен басқа да тауарлы-материалдық құндылықтарға жыл сайын жасалатын түгендеуді жүргізу, олардың нәтижесін дұрыс анықтап есепте көрсету;
13) салалық бөлімдерден түскен біріктірілген жиынтық ведомостары негізінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялауға берілген бюджеттік қаражаттарды уақытында аудару;
14) бюджеттік бағдарламаларға жауапты салалық бөлімдермен бірлесіп мемлекеттік сатып алулардың жоспарын жасауға қатысу;
15) өткізілген мемлекеттік сатып алулар қорытындылары бойынша қызметтер көрсетуге, жұмыстарды атқаруға және тауарларды жеткізуге, банктік кассалық қызмет көрсетуге жасалған шарттарды Қазынашылық органдарында тіркеу үшін өтінім жасау және тіркеу;
16) облыстың агроқұрылымдарына және аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімдеріне технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да сұрақтар бойынша ақыл-кеңестік көмек көрсету;
17) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау;
18) Басқарма мүддесі үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.