Астық және тұқым инспекциясы бөлімі

Астық және тұқым инспекциясы
астық нарығы, тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі кызметті лицензиялау;
астық қабылдау кәсіпорындарын бекітілген кестесіне сәйкес: -жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы зерттеп бақылау;
астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп тексеруді ресімдеуді қамтитын зерттеу актілерін толтыру;
табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтерді көрсету құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру және лицензиядан айыру;
астық қабылдау кәсіпорындарының «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексінің» сәйкес, астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;
астықты сақтау; астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;
ҚР астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру және ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамаларға сәйкес әкімшілік кұқық бұзушылық туралы істерді қарауға даярлау;
әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүргізу;
астық қауіпсіздігі мен сапасын мемлекеттік бақылау;
«Астық туралы» Заңның 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;
астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын жэне оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
ҚР өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жасау бойынша заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылау жасайды;
агенттің, қоғамның қызметін, олардың ҚР өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның ҚР өзара сақтандыру туралы заңнамасының және «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» заңының талаптарын сақтамауы туралы істерді қарауға дайындайды; бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұратады және алады;
бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілейді;
сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және осы Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасайды және ҚР әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жаза қолданады;
тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізеді;
рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
облыс бойынша тұқымдар балансын жасау;
ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласында қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету;
өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің тұқымдардың сақтық және ауыспалы қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу схемалары мен әдістері және ауыл шаруашылық дақылдары тұқымдарын жаппай көбейту бойынша ұсыныстар енгізу;
отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге өткізілген бірінші, екінші және үшінші репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;
тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егістіктерді байқаудан өткізуді, жерге егіп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңның 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілейді;
субсидиялауга жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:
тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін - бірегей тұқымдар бойынша;
әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындайды;
субсидияланған бірегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;
байқаудан өткізушілер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;
ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде:субъектінің тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;
тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргізу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде ҚР заңнамасымен Басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.