Жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныс дайындау бөлімі

Жер учаскелерін табыстау мен алып қоюға ұсыныс дайындау бөлімі
1)бөлімге берілген құзырет шеңберінде бөлімнің қызметін үйлестіру;
2) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
3) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
4) ҚР Жер кодексінiң 69-бабына сәйкес сервитут белгілеу жөнінде жер учаскелерін беруге ұсыныстар енгізу және жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындау.
5) ҚР Жер кодексінiң 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды және жергілікті атқарушы органның шешімінің жобаларын дайындау;
6) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыстың жергілікті атқарушы органының ұсыныстарын және шешімдерінің жобаларын дайындау;
7) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
8) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
9) жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты орналастыру;
10) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік мұқтажы үшін жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
11) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
12) ҚР Жер кодексінiң 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
13) ҚР Жер кодексінiң 71-1-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін пайдалы қазбаларды барлау және геологиялық зерттеу үшін пайдалану бойынша ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;
14) ҚР заңнамаларына сәйкес, құрылыс нысандары үшін жер учаскелерін алдын ала таңдау жөніндегі облыстық арнайы комиссия жұмысын ұйымдастыру;
15) облыстық жер комиссия жұмысын ұйымдастыру;
16) мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Стандарттар мен Регламенттердің орындалуын ұйымдастыру;
17) мемлекет кірісіне өтеуге жататын ауыл шаруашылығы өндірісі шығасыларының республикалық бюджетке түсу бойынша есебін жүргізу;
18) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
19) ҚР АШМ Жер ресурстарын бақылау комитетіне, облыстық әкімдікке, және басқа да департаменттер мен басқармаларға сапалы және уақытылы ақпарат беру;
20) басқарма басшысының баяндамаларына материалдар әзірлеу;
20) нормативтік құқықтық актілермен белгіленіп жүктелген өзге де тапсырмаларды орындау.