Ауыл шаруашылығы саласындағы макроқаржыландыру мен субсидиялар туралы ақпарат

071 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» бюджеттік бағдарламасы бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы негізінде 2018 жылы 2231 адамды оқытуға 88,7 млн.тг бөлінді. Қазіргі таңда 1592 адам оқытылды. 2-ші жартыжылдықта 639 адам оқыту жоспарлануда.
АПК 2017-2021 жылдар 01.01.2019г.docx


АӨК орындалуы қаңтар-наурыз.docx

055 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне, агроөнеркәсіптік кешен субьектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемлер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансфеттер»бюджеттік бағдарламасы аясында 2018 жылы республикалық бюджеттен облыс аумағындағы 14 агроөнеркәсіп кешен субьектілеріне субсидия төлеу мақсатында 255,6 млн тенге бөлінді.
Алайда, ағымдағы жылы ҰБХ «ҚазАгро» АҚ мен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Ақтөбе филиалдары арқылы субсидия алып отырған екі агроөнеркәсіп кешен субьектілері («ҚазАгроҚаржы» АҚ- «Алла» Ш/Қ, ҰБХ «ҚазАгро» АҚ-«Жосалы Агро» ЖШС) несиелерін мерзімінен бұрын қаржы инстититуттарның алдында толық жабуына байланысты аталмыш бағдарламадан шығып кетіп, нәтежиесінде 12 агроөнеркәсіп кешен субьектілеріне 201,7 млн. тенге субсидия уақытылы төленеді.
056 «Облыстық бюджеттерге, Астана мен Алматы қалаларының бюджеттеріне, ауыл шаруашылығы жануарларын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансфеттер» 2018 жылға арналған бюджетте бюджеттік бағдарламасы бойынша жыл басына 299,6 млн.тенге бөлінді. Осы жылдың тамыз айында 300,0 млн.тенге қосымша бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 қазанына қаралған қаражаттың 449,8 млн.тенгесі игерілді. Атлған қаржы мал және егін шаруашылығы бағыттары бойынша, «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры», «КазАгроҚаржы» АҚ және қалалық, аудандық несие серіктестері арқылы 2183 шаруа қожалықтарына және ЖШС-не аударылды.
037 «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тұрғындарды несиелендіру үшін республикалық бюджеттен барлығы 3850,2 млн. теңге бөлінді, оның ішінде Бес әлеуметтік бастама аясында 1500,0 млн.тг.
Аталған қаражат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалына – 2079,1 млн. теңге және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Ақтөбе филиалына – 1771,1 млн. теңге көлемінде бөлініп берілді.
Добавлено: 
09.10.2018 - 05:00
Последние изменения: 
09.10.2018 - 05:00