Мемлекеттік қызметтің нәтижелерін шағымдау реті туралы ақпарат

"Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңының 12 бабына сәйкес:
12-бап. Өтiнiштердi қарау нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдерге шағым жасау
      Лауазымды тұлғалардың iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне), сондай-ақ субъектiнiң шешiмдерiне бағыныстылық тәртiбiмен жоғары тұрған лауазымды тұлғаға немесе субъектiге, жеке немесе заңды тұлғаға тиiстi субъектiнiң немесе заңды тұлғаның iс-әрекет жасағаны не шешiм қабылдағаны туралы белгiлi болған кезден бастап, үш айдан кешiктiрiлмей шағым берiледi. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кетуi субъектi немесе заңды тұлға үшiн шағымды қараудан бас тартуға негiз болып табылмайды. Шағым беру мерзiмiнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және шағымды қанағаттандырудан бас тартуға негiздердiң бiрi болып шығуы мүмкін.
Жауапты тұлға: Ұйымдастыру және персоналды басқару бөлімінің бас маманы Коломойцева Марина Ивановна
8 (7132) 54-15-54