2018 жылдың 16 қараша күні Сіз жер саласына қатысты мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала аласыз!

Құрметті азаматтар!
2018 жылдың 16 қараша күні Сіз жер саласына қатысты мәселелер бойынша тегін кәсіби кеңес ала аласыз, оның ішінде:
- жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелерін беру;
- жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту;
- жерге орналастыру үдерісі, жер учаскелерін сегменттеу;
- игерілмеуіне және нысаналы пайдаланылмауына байланысты, сондай-ақ мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою;
- өз бетімен құрылыс;
- жер учаскелерін белгілу, шекара салу;
- су қорғау аймақтары мен белдеулері, қызыл желілер, санитарлық-қорғау аймақтары;
- жер учаскелерін заңсыз басып алу, рейдерлік.
Дәріскер ретінде Агенттіктің Республикалық арнайы мониторингтік тобының мүшесі, белгілі қоғам қайраткері, жер қатынастары мәселелері жөніндегі жетекші сарапшылардың бірі, жер қатынастары, заң және сот бойынша тәжірибесі мол кәсіби адвокат – Бақытжан Базарбек тартылды.
Аталған семинар азаматтар мен бизнестің жер қатынастары саласындағы ақпаратқа толық қол жеткізу мен ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті қолдауымен ұйымдастырылған.
Семинарға қатысу үшін 8 (7132) 54-12-52 нөміріне немесе 8(771)688-38-22 WhatsApp мессенджері арқылы алдын ала жазылуыңыз қажет.