Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Субсидияланатын өсімдіктерді қорғау құралдарының түрлерінің тізбесі және 1 бірлікке (литрге, килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы «Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау» осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 6 наурыздағы № 27 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 2 наурыздағы № 25 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 01 сәуірдегі №32 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды:
Сонымен қатар сараптамалық қорытындысын ұсынбады:
- «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25.09. №180).
- «Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ (тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне және қауымдастық қызметінің Алматы қаласына ауысуына байланысты 2019 жылғы 21.02 №1-19/029а).
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 06-1/34 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 25 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 8 сәуірда аяқталды. Есептемені қарау 24 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.