Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 73 «2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 ақпандағы № 73 «2019 жылға Ақтөбе облысында мал шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18404 тіркелген бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды., 2019 жылдың 6 сәуірдегі №38 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 6 сәуірдегі №39 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 11 сәуірдегі № 39 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындылары бойынша еш ескертулерсіз ұсынды.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 10 сәуірдегі №01-2/3 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 27 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 10 сәуірде аяқталды. Есептемені қарау 8 бірлік,пікірлер болған жоқ.