Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 410 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызм

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 410 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 15 шілдедегі № 15-02/655 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12091 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 6 қарашадағы № 410 «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдануға байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4631 тіркелген қаулысына өзгеріс енгізу.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 6 наурыздағы № 27 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 2 наурыздағы № 25 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 2 сәуірдегі №34 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды:
Сонымен қатар «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25.09. №180 хаты) және «ҚР Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ (тұрғылықты мекен–жайының өзгеруіне және қауымдастық қызметінің Алматы қаласына ауысуына байланысты, 2019 жылғы 21.02. №1-19/029а хаты) сараптамалық қорытындыларын ұсынбады.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 13 наурыздағы № 06-1/41 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 25 наурызда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 9 сәуірінде аяқталды. Есептемені қарау 36 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.