«Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер енгіз

Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесімен «Ақтөбе облысы әкімдігінің және мәслихатының 2011 жылғы 12 қазандағы №328/415 «Ақтөбе облысы бойынша жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы» Ақтөбе облыстық әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімін және 2019 жылғы 5 наурызда №5977 тіркелген, «Ақтөбе қаласының ауылдарын тұрғын үй алқаптарына қайта құру туралы» 2019 жылғы 1 наурыздағы №84/388 Ақтөбе облыстық әкімдігінің бірлескен қаулысы және мәслихатының шешімімен сәйкестендіріліп, (Кенес Нокин, Ақшат, Белогорка, Белогорский карьер, Бекқұл баба, Қызылжар, Пригородный, Садовое, Украинка, Өлке, Шилісай, Құрашасай, Құрайлы, Георгиевка, Ақжар, Сазды).
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды.
2019 жылғы 13 сәуірдегі № 42 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 41 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 01-2/4 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 20 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 5 сәуірде аяқталды. Есептемені қарау 11 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 43 хаттамасы алынды.
Сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынғандар 3 мекеме.
Түрлі себептермен сараптамалық қорытындыларды ұсынбағандар 3 мекеме (оның ішінде қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты, тұрғылықты мекен-жайының өзгеруіне байланысты және т.б.).
http://auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылған.