«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Карантиндік режимді енгізе отырып, карантинді аймақты белгілеу туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабының 3) тармақшасына Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 06-03/49 ұсынысына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілер аумағында жатаған укекіресі бойынша карантин режимін енгізе отырып, карантинді аймақ белгілеу және жатаған укекіре ошақтарын анықтау, оқшаулау және жою бойынша шұғыл шаралар жүргізу жөніндегі іс- шараларын бекіту.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 42 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 41 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 2 мамырдағы №42 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды:
Сонымен қатар «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25.09. №180 хаты), «ҚР Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ (тұрғылықты мекен–жайының өзгеруіне және қауымдастық қызметінің Алматы қаласына ауысуына байланысты, 2019 жылғы 21.02. №1-19/029а хаты) және «Ақтөбе облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ҚБ (11.04.2019ж. №86 хаты) сараптамалық қорытындыларын ұсынбады.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 01-2/8 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 25 сәуірде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 13 мамырында аяқталды. Есептемені қарау 112 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.