«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 197 «Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 197 «Ауыл шаруашылығы басым дақылдарының тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 7 мамырдағы № 52 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 7 мамырдағы № 51 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 24 мамырдағы №51 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды:
Сонымен қатар «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25.09. №180 хаты), «ҚР Өрт қауіпсіздігі қауымдастығы» ЗТБ (тұрғылықты мекен–жайының өзгеруіне және қауымдастық қызметінің Алматы қаласына ауысуына байланысты, 2019 жылғы 21.02. №1-19/029а хаты) және «Ақтөбе облысының фармацевтикалық қызметті қолдау және дамыту қауымдастығы» ҚБ (11.04.2019ж. №86 хаты) сараптамалық қорытындыларын ұсынбады.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 23 мамырдағы № 01-2/21 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 14 мамырда орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 28 мамырында аяқталды. Есептемені қарау30 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.