Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 187 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12933 тіркелген бұйрығына сәйкес.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 48 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 47 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 14 мамырдағы №46 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды.
Сонымен қатар «Ақтөбе облысының кәсіпкерлері мен жұмыс берушілері одағы» ҚБ (қызметінің уақытша тоқтатылуына байланысты 2018 жылғы 25.09. №180) сараптамалық қорытындысын ұсынбады.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 29 сәуірдегі № 01-2/15 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 15 мамырында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 29 мамырында аяқталды. Есептемені қарау 23 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.