«Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенінің 2025 жылға дейінгі даму перспективалары

2019 жылғы 28 маусымда сағ: 9:30да Ш.Берсеев атындағы Ақтөбе ауыл шаруашылығы колледжінің базасында Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалиннің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, агротехникалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының, ұлттық және республикалық ғылыми орталықтардың, практикалық мамандардың, қоғам қайраткерлерінің, Ақтөбе облысындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің, мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен «Ақтөбе облысының агроөнеркәсіптік кешенінің 2025 жылға дейінгі даму перспективалары» тақырыбында конференция өтеді.
Осы тақырып бойынша облыс әкімінің орынбасары А.Бердалинмен, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың өңірлік бағдарламасы таныстырылады.
Сондай-ақ, конференция жұмысы аясында қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарда жетекші қазақстандық ғалымдардың басшылығымен жүргізілетін ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері жарияланатын болады.
Конференция аясында пленарлық отырыстар, тақырыптық секциялар бойынша жұмыстар, стендтік баяндамалар өткізу жоспарлануда.
Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өнімдерінің көрмесі өтеді.
Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жүргізіледі: мал шаруашылығын дамыту, өсімдік шаруашылығын дамыту.
Қызығушылық танытқан БАҚ өкілдері аккредитация мәселелері бойынша төмендегі байланыс телефонына хабарласа алады: +7 (7132) 54-59-24. + 7 (7132) 56-84-67 +7 778 499 88 89