Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 36 «Агроөнеркәсіптік кешен субьтектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы » қаулысына өзгеріс енгізу туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 36 «Агроөнеркәсіптік кешен субьтектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы » қаулысына өзгеріс енгізу туралы
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12523 тіркелген) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылдың 23 ақпандағы №22 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 4 наурыздағы №26 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 13 наурыздағы № 25 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындылары бойынша еш ескертулерсіз ұсынды.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 13 наурыздағы №01-2/5 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 13 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 26 наурызында аяқталды. Есептемені қарау 98 бірлік, пікірлер болған жоқ.