Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №112 «Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобасына БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №112 «Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы жобасына
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 4-2/664 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10190 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 28 наурыздағы №112 «Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағаларын бекіту туралы» қаулы жобасына өзгеріс енгізілсін.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 11шілдеде № 77 «Актюбинский вестник» және 2019 жылғы 11 шілдедегі № 78 «Ақтөбе» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 24 шілдедегі №62 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулер мен ұсыныстарсыз ұсынды.
Ақтөбе облысы Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 11 шілдедегі № 1-2/38 қорытындысы алынды.
Субсидияланатын тұқымдардың нормалары мен шекті бағалары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен қаралып мақұлданды, 2019
жылғы 26 маусымдағы № 3-2-6/12554 ілеспе хаты.
Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 25 шілдесінде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 5 тамызында аяқталды. Есептемені қарау саны 64 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Сайтқа жарияланды: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru
Тікелей таралым: http://auyl.aktobe.gov.kz/ru/node/3094