Қытай Халық Республикасына ірі қара мал етін экспорттау басталды

Қытай Халық Республикасына ірі қара мал етін экспорттау басталды
Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2,5 есеге арттыру туралы айтты.
Осы жолдауда берілген тапсырма шеңберінде бүгін бірінші рет ҚХР-на Ақтөбе облысынан 20 тонна өңделген сиыр еті экспортқа жөнелтілді.
Бұл шараны іске асыру мақсатында біраз жұмыстар атқарылды, атап айтқанда 2018 жылғы 10-13 мамыр аралығында өткен жануарлардың трансшекаралық ауруларына қарсы күрес жөніндегі ШЫҰ конференциясы шеңберінде Қытай тарапы 5 облыстың аусыл бойынша саламатты мәртебесін тану туралы ресми түрде жариялады.
2018 жылғы 7 маусымда Пекин қаласында ҚР-дан ҚХР-ға сиыр етін экспорттау жөніндегі хаттамаға қол қойылды. Сондай-ақ, Қытай тарапына экспорт құқығы бар кәсіпорындар тізіліміне енгізу мақсатында сиыр етін өндіру бойынша қазақстандық кәсіпорындарға инспекция жүргізуге сұрау салу хат жолданды.
2018 жылдың 7.11-15.11. аралығында қытай сарапшылары сиыр етін өндіретін қазақстандық кәсіпорындардың инспекциясы (барлығы 5 кәсіпорын инспекцияланды) ҚХР-ға экспортқа құқылы кәсіпорындар тізіліміне енгізу мақсатында жүргізді.
2018 жылғы 19-28 қараша аралығында Қазақстанның ветеринариялық қызметі нодулярлық дерматитпен күрес бойынша қабылдаған шаралар бойынша инспекция өткізді.
2019 жылғы 29 қаңтарда Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы өзінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасының аумағынан нодулярлық дерматит бойынша шектеулерді алып тастау туралы ақпаратты орналастырды.
Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы өзінің интернет-ресурсында ҚХР-ға сиыр етін экспорттауға құқығы бар 4 қазақстандық кәсіпорынды енгізу туралы ақпаратты орналастырды.
Мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау үшін рұқсат құжаттарын беру рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру бойынша шаралар қабылданды.
Сиыр етін экспорттаушы жылдық қуаттылығы 7 200 тонна сиыр етін өңдеуге арналған мал сою кешені бар «Актюбинский мясной кластер» ЖШС-і. Кәсіпорын ҚХР-на ет экспорттауға құқығы бар ет өңдеу кешені бар бірден-бір кәсіпорын болып табылады. Бұл ет өңдеуші кешен жанында 11 мың басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Облыста жалпы көлемі 25,5 мың басқа арналған мал бордақылау алаңдары бар. Бүгінгі күні бұл алаңдарда 15,0 бас бұқашықтар бордақылануда.
Жалпы 2019 жылы барлығы 2 847,7 тонна ет және ет өнімдері экспортталды. Оның ішінде 2 126,0 тонна сиыр еті, 485,6 тонна шошқа және 91,4 тонна қой еті экспортталды. Сиыр еті негізінен Өзбекстан, Ресей Федерациясына, ал қой еті Иран Республикасына жіберілді.