«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 173 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» БАСПА-РЕЛИЗІ

«Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 173 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу»мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе облысының әкімдігінің қаулысына БАСПА-РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13652 тіркелген бұйрығына сәйкес жұзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Бұл нормативтік құқықтық актінің жобасы auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылған.
2019 жылғы 13 наурыздағы № 30 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 16 наурыздағы № 30 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды. Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 06-1/45 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 5 наурыздағы орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 19 наурызында аяқталды. Есептемені қарау - 7 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 05 сәуірдегі № 37 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субьектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындылары бойынша еш ескертулерсіз ұсынды.