Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 12 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының әкімдігінің қаулысына БАСПА-РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 12
«Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Ақтөбе облысының әкімдігінің қаулысына БАСПА-РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі – «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 544 бұйрығына сәйкестендіру.
Бұл нормативтік құқықтық актінің жобасы auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылған.
2019 жылғы 27 ақпандағы № 24 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 23 ақпандағы № 22 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2019 жылғы 26 ақпандағы № 06-1/39 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы Нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 15 ақпанында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 1 наурызында аяқталды. Есептемені қарау - 23 бірлік, ешқандай пікірлер болған жоқ.
Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 3 сәуірдегі № 35 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің акредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындылары бойынша еш ескертулерсіз және ұсыныстарсыз ұсынылды.