Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199
«Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысының жобасына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы №4-1/428 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу № 11432 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199 «Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4421 тіркелген, 2015 жылғы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған қаулысына мынадай өзгеріс енгізу.
Бұл нормативтік құқықтық акті auyl.aktobe.gov.kz сайтында орналастырылды, 2019 жылғы 3 тамыздағы № 87 «Ақтөбе» және 2019 жылғы 3 тамыздағы № 87 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланды.
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің ағымдағы жылғы 21 тамыздағы №66 хаттамасына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері сараптамалық қорытындыларды ескертулерсіз ұсынды.
Қоғамдық кеңестің нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 01-2/48 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылғы 30 шілдеде орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2019 жылдың 13 тамызында аяқталды. Есептемені қарау 122 бірлік, 3 бірліктің пікірі қаралып, ескерілді.