Ақтөбе облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.

21-22 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарын Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне шақырамыз!
2018-2021 жылдарға арналған азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша Жол картасын іске асыру жөніндегі іс-шара орындау аясында, республика өңірлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізу бойынша жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 21-22 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында Қонаев көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында, "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығының жанында Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.Жәрмеңкеге 12 аудан мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындар қатысады.Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады:• Еттің барлық түрі - 65,0 тонна;• Картоп және көкөністер - 85,0 тонна;• Сүт өнімдері - 10,0 тонна;• Өсімдік майы - 5,0 тонна;• Жұмыртқа - 13,0 мың дана;• Балық - 3,0 тонна;• Бал - 0,5 тонна;• Шұжық өнімдері - 5,0 тонна;• Ұн және ұн өнімдері - 6,0 тонна;• Алкогольсіз сусындар - 6,0 тонна;• Басқа өнімдер - 16,0 тонна.Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Нұр-Сұлтан қаласы базарларының бағасынан 15-20% төмен болады. Апарылатын өнімнің жалпы көлемі 214,5 тоннаны құрайдыОблыстың қайта өңдеу кәсіпорындарының төмендегі өнім түрлері ұсынылады:- «Айс+» ЖШС, «Агрофирма Тау» ЖШС, «Мартук сүт» ЖШС сүт өнімдері,- «Шыңғыс» ШҚ, «Абылай» ШҚ, «Шекшек Ата» АШК және т.б. қымыз, шұбат, ешкі сүті,- «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС, «Рамазан» ЖШС, «Ақтөбе-нан» ЖШС-нің т.б. ұн, макарон өнімдері,- «СПК «Айбек» ЖШС, «Степное» ЖШС, «Рокос» ЖШС шұжық өнімдері,- «Изет Грин Хаус» ЖШС, «Гринхаус Казахстан» ЖШС жылыжай өнімдері.19.09.2019 жылы Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеген автокеруен Астана қаласына аттанады.Іс-шара Ақтөбе облысының биші, әнші әртістерімен ұйымдастырылған концерттік бағдарламамен ілесіп өткізіледі.Өткізіліп жатырған жәрменкеге, Ақтөбе облысында өндірілген ауыл шаруашылығы өнімдерін алуға Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз.